Түркістан қаласында «Агроөнеркәсіп кешенінің озық технологиялары» атты көрме өтті - на weekend.bugin.kz
Askhat Shotayev - на weekend.bugin.kz Askhat Shotayev

Түркістан қаласында «Агроөнеркәсіп кешенінің озық технологиялары» атты көрме өтті

Бүгін Түркістан қаласында «Агроөнеркәсіп кешенінің озық технологиялары» атты көрме өтті.  Көрмеде көпшілікке ауыл шаруашылығы өнімдері, асылтұқымды төрт түлік малдың түрлері мен заманауи техникалар ұсынылды. Көрмеде заманауи техникалармен жабдықталған ауыл шаруашылығына арналған арнайы машиналар мен құрал-жабдықтар көпшілік назарына ұсынылды. Ауыл шарушылығы техникаларынан әлемге танымал Джон-Дир, Ламборджини, Сампо-лев сынды тракторлары көрсетілді. Егін шаруашылығы бойынша минералды тыңайтқыштар, гербицид, пестицид және тағы басқа препараттар қойылды. 

Сонымен қатар, көрмеге азық-түлік белдеуін құруға байланысты жаңбырлатып және тамшылатып суаруға арналған жылыжай кешені жабдықтарын шығаратын өндірушілер қатысты.

0 Пікір Кіру