Twitter басшысының жалақысы – 140 цент - на weekend.bugin.kz
Мирас - на weekend.bugin.kz Мирас

Twitter-дің басшысы 4 жылда бірінші рет жалақысын алды

Twitter-дің негізін қалаушылардың бірі, миллиардер Джек Дорси төрт жыл бұрын компанияға қайта оралғаннан, алғашқы жалақысын алды, деп мәлімдеді компания АҚШ-тың биржа және құнды қағаздар комиссиясына жіберген қағазында. Оған бар жоғы 140 цент төленді.

Bloomberg мәліметінше, бұл белгілі мағынаға ие ақша: алғашында бір твитте 140 символ ғана жазуға болатын. Бұл шектеу Twitter 2006 жылы құрылғаннан, 2017 жылдың соңына дейін өзекті болған. Кейін Twitter бір хабарламадағы символдар санын екі есеге көбейтті. Компания басшысының жалақысы да екі есеге көбейе ме, жоқ па, әлі белгісіз деп жазады агенттік.  

Дорси 2008 жылдан бастап Twitter - дің алғашқы гендиректоры болды. Кейін басқа да жобалармен айналысу үшін компаниядан кеткен болатын. Twitter - ден кеткеннен кейін Square төлемдік жүйесін құрды. 

Сол кезден бастап жалақыдан, түрлі бонустар мен әлеуметтік желіден түсетін өзге де табыстардан бас тартты. Бұл оның, компанияның  "ұзақмерзімді әлеуетіне шын берілгендігі мен сенімінің куәлігі". Тек 2018 жылы, ол өзге сыйақылардан бас тартып, айлығын алған деседі.

0 Пікір Кіру