Әлеуметтік желіде кімдерді оқисыз немесе қазақ контентінің серкелері - на weekend.bugin.kz
Aimandaily  - на weekend.bugin.kz Aimandaily

Әлеуметтік желіні парақтап әлі отырмысыз? 

Әлеуметтік желіні парақтап әлі отырмысыз? Бас айналдырар жарнамалар мен мағынасыз видеоларға уақыт жұмсағанша, пайдалы посттар оқып неге өзіңізді дамытпасқа? Сіздің қызығушылығыңызға сай келетін жазбаларды қайдан табарыңызды білмей жүрсеңіз отандық блогерлер жетілігімен бөліспекпіз.

Екінің бір журналист, екінің бірі саяхатшы" дегенді жиі естиміз. Бірақ, Өркен Кенжебек біреу ғана.  Медиамаманның парақшасынан қызықты посттар оқып қана қоймай,  әлемге басқа ракурстан қарауды үйренесіз. @orkeni қоғамдағы мәселелердің жаңа қырын ашатын және жаһанды танудағы тұсбағдарыңыз болса таң қалмаңыз.

2. Естіп жүрген сөзіміздің мағынасын түйсінуден қалдық. Ал, ұлттық тамырынан ажырау қаупі төніп тұрғанын айтудың өзі артық. Олай болса, көне тәмсіл, ел аузынан қалған ғибратты әңгімелер мен олардың мән-мазмұнын @ularbeknurgalym-ның парақшасынан таба аласыздар.

3. Тұлғалық даму алғышарттарын меңгеріп,  алысты жақындатып, мүмкін еместі шындыққа айналдырғыңыз келсе @dinarabolat-тың жазбаларынан құр қалмаңыз. Блогер тек жиһанкездік өмірімен бөлісіп қоймай, отбасы, бала тәрбиесі,  психология тұрғысындағы кеңестерімен де бөлісіп тұрады.

4. Әлем әдебиетінің майын тамызып, төл әдебиетімізді жіліктеп беретін бір блогердің болмауы сын шығар. Ақылына ақы сұрамайтын кітаппен дос болуға үйрететін оған қоса тағылымды әңгімелер жариялап тұратын @marfugashapian-ның парақшасы осы олқылықтың орнын толтырғандай. Орамалын тәж еткен арудың әр жазбасы рухани жаңаруыңызға түрткі болмақ.

5. Өзіңді тану, жаныңды емдеу, шешім қабылдап үйрену. Осы секілді адами қажеттіліктерді игеру үшін психолог маманға жүгінген жөн. @bakimovasaya есімді блогер сіздерге тегін кеңес беруге дайын. Санаға жатық тілде жазылған жантану әлемінен хабардар болып,  өзіңізді тәрбиелеуге асығыңыз.

6. Ақыл айтып ешкімді түзете алмайсың. Астарлы әңгіме де әр санаға түрліше жетеді.

@zhanat_bakyt оқырмандарын құрғақ сөзбен жалықтырған емес. Бұл парақшадан өмірлік оқиғаларды оқып, тіпті ерекше ұтыстардан бағыңыз жанып қалуы әбден мүмкін. Жазбаларды оқып позитивті атмосфераны сезініңіз.

7. Табысты болудың сыры неде? Бірнеше істі қатар атқарып қалай жетістікке жетуге болады? Мансапқа жету мен кедергілерден өтудің не екенін @kuantr-дың парақшасынан оқып біле аласыз. Мотиватор   екінші болмауға , өз өміріңіздің сценарийін жазуға үндейді.

Бұны жарнама деп қабылдауыңыз мүмкін. Алайда саусақпен санарлық сауатты контентті көтеру қарға тамырлы қазақтың ортақ мүддесі.

0 Пікір Кіру