Қазақстанның белгілі журналист-жазушысы қайтыс болды - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Өнертанушы Жұмабек Табын

Журналист-жазушы, өнертанушы Б.Майлин атындағы қоғамдық қордың атқарушы директоры Жұмабек Табын қайтыс болды. Әлеуметтік желіде белгілі тұлғалар оны еске алып, жақындарына көңіл айтып жатыр. 

"Жарқын ағаның артынан Жұмабек Табын ағам да аттанып кетіпті дейді ғой. Бейімбеттің сөзі, Ахаңның көзіндей аңқылдап жүрген ағамыз еді. Алла панасына алғай!", - деп жазған белгілі журналист Серікбол Хасан өзінің Facebook парақшасында. 

"Жұмабек Табын ағамыз да Жарқын ағамыздың артынан кете барыпты. Кездесіп танысқан күні бүгінгідей жауын құйып тұрған. Қоштасқан соң әудем жер ұзағанда артымнан атымды атап, қол бұлғап шақырып алды. «Мына көк қолшатырды сен ал, жаңбырдың астында су болып жүргенің жараспас» деді. Көлігім әне тұр дегеніме көнбей, менен саған естелік болсын деген... Көңілің қандай еді, аға!

Иманын саламат еткей... Ағайын-туғанына көңіл айтамыз.", - деп жазған танымал дирижер Муслим Амзе. 

0 Пікір Кіру