«Композитор» қандай фильм? - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

Бұл киножобаны Қазақстан мен Қытайдың кинематографшылары бірігіп түсірді

Қазақстан мен Қытайдың кинематографшылары "Композитор" деген тарихи фильм түсірді. Көркем картина қытайлық композитор Си Синхайдың (Сян Сиңһай) өміріне арналған. Оның Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алматыда тұрақтауы, қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы баяндалады.

Екі елдің бірлескен киножобасын Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы мен "Shineworks Pictures", "China film coproduction corporation" компаниялары өндірген.

Байқамов рөлін Берік Айтжанов, Синхайды Ху Чжунь (Ху Цзюнь) ойнайды. Картинаға отандық актерлерден Алтынай Нөгербек, Аружан Жазылбекова, Сергей Уфимцев қатысты. Фильмді қос режиссер түсірді – Шерзат Якуб пен Сәбит Құрманбеков.

Түсірілім жұмыстары 2017 жылы Қытай мен Қазақстанда өтті. "Композитор" алғаш рет 13-20 сәуір аралығында өтетін ІХ Бейжің ХКФ аясында көрсетіледі.

Си Синхай қысқа ғұмырында 500-ден астам тамаша әуен жазды, сондай-ақ он шақты кинофильм музыкасының авторы. Алматыда өткізген жылдары ол "Ұлт азаттығы" симфониясын жазған. Азаттық пен отанға деген адалдықты жырлап, зорлық-зомбылық пен соғысқа қарсы бағытталған Си Синхайдың шығармаларынан отанға деген махаббатын аңғаруға болады.

Трейлері:

0 Пікір Кіру