Жалған достан – жау артық - на weekend.bugin.kz
Ернар Нұртайұлы - на weekend.bugin.kz Ернар Нұртайұлы

Жаман дос – көлеңке: басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың

Әлеуметтік желідегі кез-келген парақшаны ашсаңыз, "Достар аман болсын", "Достар жасасын", "Достармен өткізген уақыт" деген тақырыппен жарияланған суреттер табу қиын емес. 

Бала кезде: "Досың кім?" десе, бірге ойнайтын баланы көрсетеміз ғой. Дәл сол секілді ержеткенде де қай уақытта да қасымыздан табылған адамды "дос" деп көрсету әдетіміз. Көбіне дүниелік мәселемізді шешуге қол ұшын созған адамды дос тұтқымыз келіп тұрады. Ал шын мәнінде "дос" деген кім, ойланып көрдік пе?  

Дос тақырыбына дін тұрғысынан келейікші! Аллаһ "Зухруф" сүресінің 67-аятында: "Сол күні тақуалардан басқа достар бір-біріне дұшпан болады",- деген. Яғни жалған дүниеде тақуа болғандардан басқалар Қиямет күні бір-біріне дұшпан болады, бірін-бірі қарғаумен болады. Достықта тақуалық таныту деген: досын Аллаһтан қорқуға, Пайғамбарға (с.ғ.с.) еруге шақыру, жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюға тырысу. 

Сахих хадисте: "Адамға иман ләззатын сездіретін қасиеттердің бірі - бір-бірін Аллаһ ризалығы үшін жақсы көру" делінген. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағы бір сөзінде "Қияметте күн адамдарға жақындап, /аптап ыстықтан олар күнә-қателіктерінің деңгейінде өз терлеріне батып қиналған сәтте/ Аллаһ аршының көлеңкесінде болатын 7 сипаттағы адамның бірі - бір-бірін Аллаһ ризалығы үшін жақсы көрген адамдар" делінген. Сондықтан осы мақаланы оқып шыққан соң өз достарыңызға шынайы көз тастаңыз.  

Аллаһтың бұйырғандарын ұмытып, тыйғандарына аяқ басқанда, парақорлық пен ашыналыққа қадам басқанда, кісі ақысын жеп, әлсізге жәбір көрсеткенде қасыңыздан табылып, қолдау білдірген адам досыңыз емес, нағыз қас жауыңыз, бауырым. Ойланыңыз, әлі де кеш емес. 


0 Пікір Кіру