Аутизмге шалдыққан балаларға арналған бейімделген кинокөрсетілім болды - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

Бұл шара дүниежүзілік аутизм жайлы ақпаратты тарату күніне орай өткізіліп отыр

Алматыда аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балалар үшін «Cinemax» кинотеатрында отандық «Каникулы off-line» отбасылық комедиясының бейімделген тегін көрсетілімі өтті.

Іс-шара «Болашақ» корпоративтік қорының және «Ашық әлем» қоғамдық қорының, «Cinemax» кинопаркінің және «Astana film Fund» киностудиясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Аутизмі және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға арналған іс-шарада арнайы жағдайлар ескеріледі: ашық есіктер, жарық шамдар, дыбыстың бәсеңдеуі, былай айтқанда, іс-шараға жақын сенсорлық аймақты орнату, сондай-ақ, кинозал/театр қызметкерлері балалармен дұрыс өзара әрекеттесу туралы және ықтимал жағымсыз мінез-құлықты ескерту жайында арнайы тренинг жүргізіледі. Аталған талаптар мен қажеттілік балалардың көрсетілім кезіндегі ыңғайлылығы үшін жасалған.

Отандық комедияны орыс тілінде 150-ге жуық адам тамашалады, соның ішінде аутизмге ұшыраған балалар және олардың ата-аналары мен жақындары бар.

Мұндай іс-шараларды «Болашақ» корпоративтік қоры жыл сайын дүниежүзілік аутизм жайлы ақпаратты тарату күніне орай өткізіп тұрады. 2018 жылы қор алғаш рет «Кинопарк 7» кинотеатрында қазақ және орыс тілдерінде мультфильмдердің бейімделген көрсетілімін өткізген еді.

Қордың директоры Динара Чайжунусова аутизмге шалдыққан және даму ерекшеліктері бар балалар үшін өткізілген мұндай шараларды үлкен қоғами-әлеуметтік маңызға ие екенін атап өтті. Балалар тең болып әлеуметтік ортаға бірдей қол жеткізуі керек.

Бейімделген іс-шараларды ұйымдастырудың басты мақсаты - аутизмі бар балалардың өмір сүру деңгейін көтеру мен олардың қоғамға әрқашан ықпал ете алатынын көрсету.

«Каникулы off-line» фильмі өз бизнесін бастайтын үш дос туралы баяндайды. Осылайша олар қалалық балаларға арналған бірегей этнолагерь ашады. Фильмнің негізгі кейіпкерлері үнемі күлкілі, тіпті кейде қауіпті жағдайларға түседі. Фильмнің режиссері Руслан Акун.

0 Пікір Кіру