Қаламқас кен орнындағы өрттің шығыны 98 миллион теңге  - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Қызыл жалын

Қаламқас кен орнындағы өрттің шығыны 98,7 миллион теңгеге бағаланды. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлайды.

Маңғыстау облыстық экология департаменті Қаламқас кен орнының ұңғымасында болған өртке қатысты тексеріс жүргізген. Тексеріс нәтижесі бойынша, өрттен келген шығын 98,7 миллион теңгеге бағаланды. 

"Облыстық экология департаменті "СиБу" ИБК" ЖШС-ны 2019 жылдың сәуірі мен маусымы арасында қоршаған ортаны қайта қалпына келтіру бойынша шара өткізуге міндеттеді. Энергетика министрлігі "СиБу" ИБК" ЖШС-дан ұңғыма қазу лицензиясын қайтарып алу мәселесін қарастырып жатыр", - деді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қаламқас кен орнындағы өртке байланысты Маңғыстау облыстық экология департаменті төрт әкімшілік іс қозғаған. Салынған айыппұлдар 1 558 967 теңге болды.

0 Пікір Кіру