Димаштың Нью-Йоркте шоу-концерті өтеді - на weekend.bugin.kz
Жандарбек Жумагулов - на weekend.bugin.kz Жандарбек Жумагулов

Бүгінгі таңда аталған шоуды ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті

Осы жылдың күзінде Нью-Йорктегі әйгілі «Madison Square Garden» алаңында әнші Димаш Құдайбергеннің шоу-концерті өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

Қазақстандық мәдениет пен өнерді танытуда Димаш Құдайбергеннің орасан зор жетістіктері барша халықты қуантады. Министр бір сөзінде Димаштың жеке концертін АҚШ қалаларында өткізу туралы айтып қалған еді. Бұл қаншалықты мүмкін? Келіссөздер басталды ма? Димаштың әлемдік турне аясындағы келесі концерті туралы Арыстанбек Мұхамедиұлы не айтады? Мәдениет және спорт министрі осы сұрақтарға жауап берді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаштың әлемдегі жанкүйерлері артып келе жатқанын атап өтті.

«Иә, расында да Димаш Құдайберген әлемді өз өнерімен тамсандырып, тыңдармандардың жүрегін жаулап алды. 2018 жылдың 19 қарашасында министрлік Лондонның «Indigo at the O2» ең үлкен сахнасында Димаштың жеке концертін ұйымдастырды. Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігі 2019 жылдың III тоқсанында Нью-Йоркте әлемге әйгілі «Madison Square Garden» алаңында Димаш Құдайбергеннің айрықша шоу-концертін өткізбек. Бүгінгі таңда аталған шоуды ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті», - дейді Мұхамедиұлы.

0 Пікір Кіру