Айқұлақ ойыны жайлы не білеміз? - на weekend.bugin.kz
Алмабек ЕРБОЛАТҰЛЫ - на weekend.bugin.kz Алмабек ЕРБОЛАТҰЛЫ

Қазақтың ұмыт болған ойыны жайлы не білеміз?

Айқұлақ-көктем айынан бастап жаздың ортасына дейін ойналатын ойындардың бірі. Айқұлақты ойнау үшін балалардың бәрі үйдегі ата-аналарына көмектесіп болған соң, кешке таман ойнайды.

Ойын тәртібі былай: көп баланың арасынан, үш баланы бөліп алады да, бірін-«қойшы», тағы бірін-«ит» және соңғы баланы «қасқыр» етіп сайлап алады.

Қасқыр болатын баланың басына екі тақияны кигізіп, орамалмен маңдайын байлап қояды және арқасына киім-кешек болса, оны тығып, белінен буып, бір бұтаға жасырып қояды.
Қойшы болатын баланың үстіне жыртық киім кигізіп, қолына таяқ беріп, жанына ит болған баланы қосып қояды. Қалған балалар қозы болып, көгендеп тұрады. Біраз уақыттан соң көгенде тұрған «қозылар үркіп» қалады. Сөйтсе, қасқыр «қозыларға» шауып келеді екен. Оны көрген қойшы «итті» айдақтап, «қозы-лақты» бөліп алады.
«Қасқыр» бірде құр кетсе, екінші рет жолы болып көгендегі «қозы-лақтың» бірін алып кетіп жүріп, бәрін тауысады. Міне, бұл ойын осылайша аяқталып, бұрынғы жолмен қайта басталады.

0 Пікір Кіру