Ата дәстүр – асыл мұра - на weekend.bugin.kz
Айтуар Капасов - на weekend.bugin.kz Айтуар Капасов

ШҚО

2019 жылдың 21-ші наурызы күні ШҚО Семей қалсы, Ертіс ауылдық округі, Мұқыр ауылында Елбасының "Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында қазақтың Жаңа жылы Әз-Наурыз мейрамы атап өтілді. Жиынға клуб, кітапхана, пошта және мемлекеттік қызметкерлер мен ауыл тұрғындары ат салыса кірісті. 

Көшелер арасында жарыс ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары күнделікті өмірден демалып, көтерінкі көңіл-күйде болды. Атап айтқанда қыз ұзату, тұсау кесер дәстүрлері мен көкпар, қыз қуу, арқан тарту, қазақша күрес, қол күрес, қой көтеру, асық ату және тағы да басқа спорттық ойындар көрініс тапты. Шара барысында кішкентай бүлдіршіндеріміз әсерлі би билесе, аға-апайларымыз бен әжелерміз дәстүрлері әндерін шырқап, жиынның сәнін келтірді. Ақ жаулықты аналарымыз жиын барысында қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайып, наурыз көже таратты. Қыдыр ата келіп халыққа ақ батасын берді. Көшелер байқауының нәтижесінде бас жүлдені "Болашақ" ауылы, бірінші орынды "Тұрдыбек ата" ауылы, екінші орынды "Абай" ауылы, үшінші орынды "Алтың бесік" ауылы иеленіп, алғыс хатпен марапатталды. Шара соңына қарай округ әкімі Сейтхасимов Хасен Бекенұлы тұрғындарды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін айтты. 
Бұл шараның арқасында өскелен ұрпақ өзінің тарихын терең түсініп, ата дәстүріне құрметпен қарары анық! 

0 Пікір Кіру