Тоталдық диктант жазып көрдіңіз бе? - на weekend.bugin.kz
Бота Жұмабайқызы - на weekend.bugin.kz Бота Жұмабайқызы

Тоталдық диктант — барлық ниет білдірушілерге арналған ерікті диктант түріндегі жыл сайынғы білім беру акциясы

Акция мақсаты– сауатты болу, әрбір адам үшін маңызды екенін көрсету; орыс тілінің қиындығына қарамастан қызықты және пайдалы екеніне көз жеткізу; орыс тілінде жаза алатын немесе сөйлей алатын ортаны біріктіру.

Тоталдық диктант– белсенділер мен еріктілердің ұйымдастыруымен өткізілетін қоғамдық ауқымды жоба.Шара ұйымдастырушысы – «Тоталдық диктант» қоры (Новосибирск). Жыл сайын диктант мәтінін арнайы белгілі жазушы ұсынады.

Бұл жобаға жасына, жынысына, біліміне, діни сеніміне, мамандығына, отбасылық жағдайына, мүдделері мен саяси көзқарастарына қарамастан кез келген адам қатыса алады. Жобаға 76 мемлекеттің 1000-нан астам қаласынан 227 000 астам адам қатысқан.

Биылғы жылы жоба аясында орыс тілінен бөлек, қазақ және ағылшын тілдерінде диктант ұйымдастырылады.

Шара 2019 жылдың 13 сәуірінде өтеді.

Толық ақпараттыhttps://totaldict.ru/сайтынан біле аласыздар.

0 Пікір Кіру