«Ғажайып таң» техникасы - на weekend.bugin.kz
Бота Жұмабайқызы - на weekend.bugin.kz Бота Жұмабайқызы

Күн сайын алғашқы алты минутыңызды осылай өткізсеңіз, өзіңізді қалай сезінетің едіңіз?

«Ерте тұрған жігіттің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің ырысы артық» -деген мақалды бәріміз де білеміз. Алайда, таңғы уақыттың берекесі бар ма? Таңғы уақытты пайдалы өткізе алып жүрміз бе? Міне, осы сұраққа келгенде әлемдік бестселлерге айналған Хэл Элродтың "Магия утрасы" көмекке келеді.  Автор сізге алты минут ішінде алты таңғы рәсім жасауды ұсынады. Осы арқылы алғашқы алты минут қаншалықты маңызды екенін түсінесіз. Ендеше, бастайық!

Бірінші минут (тыныштық)

Көзіңізді ашып, тыныштық күйге еніп, көңіліңіз көтеріңкі екенін сезініңіз. Алғашқы минутыңызда бүгінгі күн сыйлаған Жаратқанға алғыс айтып, жақындарыңыз үшін дұға етіңіз.

Тыныштықта отыру арқылы, өзіңізге есеп бере аласыз. Нақты мақсаттары мен бағыттарыңызды айқындаңыз...

Екінші минут (аффирмация)

Аффирмация дегеніміз – күнделікті қайталануға тиісті бір немесе екі сөйлемнен тұратын қысқа фразалар. Сіз әлеуетіңізді және басымдықтарыңызды еске түсіретін күнделікті аффирмацияларыңызды оқыңыз. Осы уақытта ішкі мотивациялық деңгейіңіз артады.

Сіз шын мәнінде қабілеттіліктеріңізді еске салу сіздің өз-өзіңе деген сеніміңізді нығайтады.

Үшінші минут (визуализация)

Бұл 60 секундыңыз визуализацияға (елестету) арналады. Көзіңізді жұмып, арманыңызды елестете отырып, сол уақыттағы сезімдерді өз бойыңыздан өткеріңіз. Мүмкіндігінше, бәріне егжей-тегжейлі мән бергеніңіз жөн.

Төртінші минут (күнделік жазу)

Осы сәтте сіз тағдырға деген алғысыңызды, мақтан тұтатын жетістіктер және осы күні қандай нәтижелерге қол жеткізгіңіз келетінін жазасыз. Осылайша, сіз өзіңізді жоғары бағалап, өзіңізге де

Бесінші минут (кітап оқу)

Содан кейін сіз тұлғалық даму туралы кітапты парақтап, бір минутыңызды оқуға жұмсайсыз. Сіз жұмыста немесе басқа адамдармен қарым-қатынаста жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін бүгін қолдануға болатын жаңа идеялар туралы білесіз. Сіз тиімді ойлауға және жақсы сезінуге көмектесетін жаңа дүниелермен танысасыз.

Алтыншы минут (қозғалыс)

Ал енді сіз орныңыздан тұрып, «Ғажайып таңның» соңғы минутың қозғалыста өткізесіз. Бұл уақытта физикалық жаттығулар жасағаныңыз абзал. Ең бастысы, сіз жүрек-қан тамырлар жүйесін толығымен оятып, жігерленіп, сәтті күнге бағдар аласыз.

Күн сайын алғашқы алты минутыңызды осылай өткізсеңіз, өзіңізді қалай сезінетің едіңіз? Ол сіздің өміріңіздің сапасын жақсарта ма? Мен сіздің «Ғажайып таңыңызды» алты минутпен шектегім келмейді. Сондықтан әр рәсімді орындау – сіздің таңдауыңыз.
Бұл рәсімдерді орындауда немесе дәл осы тәртіпі саутаудың қажеті жоқ. Сіз өзіңіз үшін қолайлы әдістерді таңдап алып, оларды күн сайын орындасаңыз болады. Көп күтпей нәтижесі байқалары анық.

P.S. «Магия утра» кітабы 246 беттен тұрады, аудиокітапты тыңдау үшін 5сағат 53 минутыңыз кетеді.        

0 Пікір Кіру