Бүгін Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері көз жұмды - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

80 жасында қайтыс болды

Бүгін 80 жасында қоғам қайраткері, Қазақстанның ұлттық агроөнеркәсіп палатасының басшысы Қажымқан Қасымұлы Мәсімов қайтыс болды. Бұл туралы Almaty.tv арнасы. 

Ол 1939 жылы 18 сәуірде дүниеге келген.  Омбы темір жол, Павлодар индустриалды және Алматы дене шынықтыру институттарын бітірген. Қазақ туризм және спорт академиясы спорттық медицина кафедрасының құрметті профессоры. 2016 жылдың қараша айынан бастап "Қазақстанның ұлттық агроөнеркәсіптік палатасы" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қауымдастығы құрылтайшыларының жалпы жиналысында төраға болып сайланды. "Мәсімов сауықтыру орталығы" ЖШС бас директоры, Қазақстан йога қауымдастығының президенті болды.

Қоштасу рәсімі 8 сәуірде сағат 20:00-де Алматыдағы қабылдау үйінде өтеді. Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі  9 сәуірде сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін Алматы қаласында Ғалымдар үйінде (Ғылым Академиясы) өтеді. 9 сәуірде сағат 13:00-де Қабылдау үйінде ас беріледі.

0 Пікір Кіру