11 жастағы қазақ баласы Ресейдегі қазылар алқасын аузына қаратты - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Дүйім жұртты таңғалдырған қазақ баласы

Қазақстандық Ержан Максим ресейлік "Голос. Дети" тележобасының ақтық кезеңіне өтті. Ол Муслим Магомаевтың әнін орындап, қазылар алқасын тағы да таңғалдырды. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлайды. 

Байқаудың жекпе-жек кезеңінде Валерий Меладзенің командасындағы Иван Стариков, Ержан Максим мен Ислам Балкоев өнер көрсетті. Олар әйгілі Муслим Магомаевтың "Синяя вечность" әнін орындады. 1969 жылы шыққан бұл керемет әннің музыкасын Магомаевтың өзі жазған болатын.

Байқаудың шарты бойынша тәлімгер үш әншінің тек біреуін ғана таңдауы тиіс. Валерий Меладзе қазақстандық Ержан Максиммен әрі қарай жұмыс жасайтынын айтты.

Бір қызығы, Ержан ән айтып жатқан кезде стақан жарылып кеткен. Видеоның астына пікір жазып жатқандардың бірі әншінің зор даусы мен энергетикасынан шыны шатырлап сынды десе, енді бірі мұның телеарнадағы арнайы эффект екенін айтады.

Сондай-ақ шоудың соңында 11 жастағы оралдық әнші Андреа Бочеллидің Ama credi e voi әнін орындап, келесі кезеңге өтті. 


0 Пікір Кіру