Шетелдік жанкүйер Димаштың құрметіне есімін өзгертті - на weekend.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на weekend.bugin.kz Асхат Қасенғали

Елордаға Димаштың концертін көруге арнайы келмек

Димаштың әлемде жанкүйерлері өте көп. Солардың бірі 76 жастағы Ирландия елінің тұрғыны Джун Лазар. Джун Димаштың әндерін сүйіп тыңдайды. Әншінің концерттерін жібермеуге тырысады. Жақында ғана Димаштың туған жері Ақтөбеге келіп, әншінің құрметіне өзінің есімін ресми түрде өзгертіп алды. Джун ендігі таңда Джун-маш. Яғни "маш" жалғауын өз есіміне қосақтады. Димаштың Мәскеудегі концерт жанкүйерді осындай қадамға баруға шабыттандырған. Ирландия тұрғыны жасының егделігіне қарамастан бимен, ән айтумен айналысады.
«Мен Димаштың тағдыры ерекше екеніне сенемін. Ол әлемді жақсы жаққа өзгерту үшін туылған жан",- дейді Джун-маш. Жазда ол Димаштың концертін көруге Қазақстанға келуді жоспарлап отыр.
0 Пікір Кіру