Тест: Бойыңыздағы құпия болмыс - на weekend.bugin.kz
Аида Әбілхайыр - на weekend.bugin.kz Аида Әбілхайыр

Сіз қандайсыз? (тест сынамасы)

Төмендегі көрсетілген ертегі кейіпкерлерінің бірін таңдап өз болмысыңызды анықтағыңыз келеді ме? Иә бұл соңғы шешуші шешім емес ойын. Дегенімен, суреттерге аса зер салып ойланып таңдар болсаңыз өз болмысыңызды дәл табасыз, ендеше суретке қарап бір кейіпкерді таңдаңыз. 


Су перісін таңдасаңыз онда сіздің табиғи тартымдылығыңыз көбірек. Бұл қасиетіңіз сізді өмір де көп жетістікке жетелейтінін ұмытпаңыз. Сіз де адамдармен қарым-қатынаста жанжал көп туындай бермейді. Сіздің магниттік қасиетіңіз жанжалды басады. Екі араға да бітімгершілік жасап жіберсеңіз, екі тарап та сізді тыңдайды. Егер су перісін таңдаған ішінде жоғары лауазым иелері болса қол астындағыларға силы...

Феянытаңдаған болсаңыз онда сіз адамдарға көмек көрсетуге жаралған жансыз. Сізге кім болса да маңызы жоқ, ол адам көмекке мұқтаж болса бірінші жүгіріп келесіз. Феяны таңдаған дәрігерлер болса онда науқастардың бақыты, "өмір тек мейірімділіктен тұрады" сіздің басты ұстанымыңыз осы. 

Ертегі кейіпкерлерінің біріЭльфтітаңдаған болсаңыз онда сіз өте қабілетті жансыз. Иә кейде ол қулық та ойлайды, бірақ қандай қиын сәттер туындаса да шығатын жол таба білетін, керативтік ойларға толы данышпан бас.

Бірақ сізді алдау мүмкін емес, тым сұңғыласыз.

Орман лимфасын таңдағандар барлық энергияны табиғаттан алатындар. Егер өміріңізді өсімдіктерді зерттеумен байланыстырсаңыз онда сіз табиғатпен бірге ішкі үйлесілімділікті таба аласыз. Әр өсімдікке не қажет екендігін жан дүниеңізбен-ақ сезіне білесіз. Мінезіңіз даладай дархан, "кең болсаң-кем болмайсың" деген қағиданы ұстанасыз.

Тағы бір ертегі кейіпкеріГномдытаңдағандар "еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" деген сөзді басты ұрандары етіп алған еңбекқор жандар. "Өмір еңбекпен тұрады", деп ойлайтын олар үшін еңбексіз өмір қорқынышты. Бірақ жұмыс деп жеке өмірге де көңіл бөлу керек екендігін ұмытпаңыз.

Кентаврды таңдаған болсаңыз сізде физикалық күш пен рухтық күш жетерлік. Қандай қиындық келсе де сізді мойыта алмайды. Егер бір істі қолға алсаңыз міндетті түрде аяғына жетеді. Кентаврды таңдағандар ішінде спортқа қызығушылық танытқандар болса ол міндетті түрде жетістікке жетеді.

1 Пікір Кіру
  • Mira Sembaiqyzy 08 Сәуір, 2019

    Қызық, осындай тестерді қазақтың кейіпкерлерімен жасаса қалай болады екен, а?