ҚазҰУ-дағы мега жобаның жеңімпаздары анықталды - на weekend.bugin.kz
Арайлым Серікова - на weekend.bugin.kz Арайлым Серікова

əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кəсіподағының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы жəне əл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында ҚазҰУ-дың 85 жылдық жəне "Сұңқар" СмМК-ның 20 жылдығына орай өткізілген дəстүрлі "Сұңқар кубогы" Smart Student's Project жобасының финалдық кезеңі болып өтті

Жобаның шымылдығы белсенділердің арнайы əн-шашуымен ашылды. Кеш жүргізушісі Дəмір Əбділдəмен бірге қатысушы командалар биі де дайындық деңгейінің жоғарылығын көрсете білді. Əзілдер тартысының финалдық кезең қатысушылары қыздардан құралған "Ақпен бірге", "Эверест", "Музыканттың қойын дəптері", "Физтех" құрамасы жəне "Брэнд" командалары болды. 

Əзіл əлеміне бет алған ҚазҰУ студенттері ойлы қалжыңдарымен көрерменнің көңілінен орын таба білді. Алғашқы "Preface -Сəлемдесу" кезеңінде қатысушы командалар күлкі əлемінің шымылдығын ашса, екінші кезең "Сұрақ-жауап" сайысында қатысушылар өздерінің шапшаңдықтары мен тапқырлықтарын көрсете білумен қатар интелектуалдық деңгейлерін танытты. "Жұлдызбен үй тапсырмасы" деп аталатын соңғы кезеңде командалар елімізге белгілі əзіл биігіндегі тұлғалармен бірге өнер көрсетті. Командаларға өзінің əділ қазылығын жүргізген "Bugin Holding"  компаниясының директоры Айбек Қуатбай, əл-Фараби атындағы ҚазҚУ-дың əлеуметтік тəрбие жұмысы жөніндегі басқарма басшысы Талғат Болатұлы, əнші Дидар Кəден мен Алуа Қосанова, "Жайдарман-2014" чемпионы, актёр, сценарист Абылайхан Қасымов жəне "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кəсіподағының төрағасы  Бурлибаева Шұғыла Мейрамбекқызы болды. 


Жоба қорытындысы бойынша "Ең үздік жанкүйер" номинациясын Шығыстану факультеті, ал "Ең үздік шақырту видеосы" номинациясын иеленген  "Ақпен бірге" командасы Zheka's doner  мейрамханасы  қаржылай сыйлықты еншіледі . Smart Student's Project жобасында "Мiss SSP" атағын "Брэнд" қүрамасының ойыншысы Марина Фадеева, "Mister SSP" атағын Жаппар Нұрлыбек еншіледі. "Ең үздік капитан" атағын алған қыздар құрамасының капитаны   Рахимбаева Лаура Нұр-Сұлтан қаласына, "Ең үздік ойыншы" номинациясын иеленген "Музыканттың қойын дəптері" команласының ойыншысы Ермахан Шыңғыс Дубай қаласына жолдама алды. Жүйріктің жүйрігін анықтаған бұл сайыста ІІІ орын алып, "Шарын" шатқалына жолдама алған Филология жəне əлем тілдері факультеті "Брэнд" командасы болса, ІІ орынды қанжығасына байлап, жазғы демалыстарын Ыстықкөл спорттық-сауықтыру лагерінде өткізетін География жəне табиғатты пайдалану факультетінің "Эверест" командасы болды. Қағытпа қалжың мен астарлы əзілдерімен көрермен көзайымына айналып, қарсыластарынан оза шауып, жүлделі І орынды иемденген "Физтех" құрамасы "Bugin Holding" компаниясы демеушілік жасаған 200 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. "Сұңқар Кубогына"  "Dostyk Travel" туристтік компаниясы, "Qagaz Print" көшірме орталығы , "Step-by- step" білім беру орталығы, Alfa production,  "Extratime" ойын-сауық орталығы, In Mode Man сəнді киімдер дүкені, Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры , Zheka's doner мейрамханасы жəне т.б демеушілік көрсетті. 




ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановтың қолдауымен өткен жобаның финалдық кезеңіне Алматы қаласының белсенді жастары мен өнер жұлдыздары, профессорлар мен университет оқытушылары қонақ болып, жүздеріне күлкі үйірткен бұл жобаға, сонымен қатар жобаны ұйымдастырушы "Сұңқар" СмМК-ға өз ризашылықтарын білдірді.  Жастарды қолдауды, оларға көмек қолын созуды өздеріне мақсат тұтқан кəсіподақ мүшелеріне алдағы жұмыстарына сəттілік тілейміз!





0 Пікір Кіру