Көктем - на weekend.bugin.kz
Mira Sembaiqyzy - на weekend.bugin.kz Mira Sembaiqyzy

Анна Ахматова


Даусым әлсіз, бірақ еркім өр кеуде, 

Махаббатсыз бір жеңілдік бойымда. 

Биік аспан, тау самалы кеудемде, 

Кірден ада, тазарғандай ойым да.   

 

Ұйқысыздық менен жырақ кеткендей, 

Жамылмаймын қайғы-мұң көрпесіне. 

Сағат тілі үрейлене күткендей, 

Айналмады ажалдың жебесіне.   

 

Өткен күндер билігі жоқ жүрегімде! 

Еркін күндер жақын қалды. Кештім бәрін. 

Күн сәулесі ойнақшып, түрленуде, 

Шырқап келем көктемнің жеңіл әнін.   

Аударған: Мира Сембайқызы


0 Пікір Кіру