Жалқаулар неге ақылды? - на weekend.bugin.kz
Aitolgan  - на weekend.bugin.kz Aitolgan

Анасы– жалқаулық. Ұлы– ұрлық және қызы– аштық В.Гюго

Жар бермейтін жалқаулық жан баласының бәрінде дерлік бар. Ал оны жеңгендер жетістікке жетіп еңбекпен өмірден өз еншісін алғандар да қанша ма. Алайда, ғалымдар физикалық белсенді адамдар емес аз қимылдайтын адамдар ақылды болады деген қорытындыға келіпті. Демек, жалқаудың интеллекті жақсырақ жұмыс істейтін көрінеді. Өйткені ондай адамдар көп ойланады екен және үлкен жетістіктерге де асықпай жүріп ақырын жетеді. Бұл ойлар көңіліңізге күмән орнатса да, бір қызығы, бұндай тұжырымды тарихта дәлелдеп бере алады.

Мысалы: Биология ғылымына зор үлесін қосқан Ч.Дарвин өте жалқау болған деседі. Мектепте сабаққа зейін қойғызу үшін ата-анасы мен ұстаздары көп әрекет естсе де, оның оқуға ниеті бола қоймаған. Тіпті сабақ ортасында ұйықтап қалатын да екен. Ч.Дарвин спортпен шұғылданудан гөрі балық аулап, қарға атуды жөн санаған. Ол ғылыми еңбектерінде жылдам емес жылдап жазған көрінеді.

Бұл тізімді Ньютон, Пикассо, Менделеев және Энштейн де жалғастыра алады. Ғалымдар дәлелдеген жалқау адамдарғы ойшылдық Энштейннің айтуы бойынша қияли, шығармашылық дамудың басты құралы. Бірақ, сонда да біз жалқаулықты жақсы қасиет, адам бойындағы артықшылық деп бағалай алмаймыз. Себебі өз күшін толық пайдаланбай-ақ жетістікке жеткен адамдар бойындағы жалқаулығын жеңетін болса, одан да ұлы істерді атқаратыны күмәнсіз.

1 Пікір Кіру
  • Mira Sembaiqyzy 08 Сәуір, 2019

    Олардың lazy сөзі біздің жалқаулыққа келмейді-ау. Еріншек адамдар деген дұрыс шығар. Біздегі жалқаулар миын да жұмыс істеткісі келмейтін адамдар ғой.) Ал еріншек -- миы жұмыс істеп, соны істеуге мойны жар бермейтін адамдар болуы мүмкін.