Тазалық па, әлде таза былық па? - на weekend.bugin.kz
Ернар Нұртайұлы - на weekend.bugin.kz Ернар Нұртайұлы

Қоғамдық монша несімен қауіпті

"Монша" деген сөзді естігенде бәрінің ойына тазалық ұғымы келетіні белгілі. Рас, монша тазалық орны. Ол жерде адам сыртқы кірінен арылады.  Менің айтпағым кеңестік кезеңде пайда болып,  әлі күнге қолданыстан қалмай келе жатқан қоғамдық монша. Бала кезімізде бүгінгідей әркімнің жеке моншасы немесе халал монша-сауна болмады. Көпшілік қоғамдық моншаға баратын. Естеріңізде болса ол монша ер және әйелдер бөлімі болып екіге бөлінетін. Жасыратыны жоқ бөлім ішінде баршасы дерлік жалаңаш жүретін. Сол кезеңде шариғат жайлы айтылмағандықтан оған ешкім мән бермейтін. Әдеттегі қалыпты құбылыс ретінде қабылдап жүре беретінбіз. 

Аллаһтың қалауымен тәуелсіздік алып, діни дәстүрімізбен қайта қауышып, бүгінде имамдарымыз, ұстаздарымыздың уағыз-насихатынан білмегенімізді үйреніп жатырмыз. 

Қарасақ, қоғамдық монша қауіпті екен. Несімен қауіпті? Мәселені тарқатар болсақ, шариғатта адамдардың қатынасына ерекше мән беріледі. Соның ішінде бір-бірін киімсіз көру мәселесі. Дінімізде адам әуретінің /ұятты жер/ жабулы болуы қатаң талап етіледі. Бұл тыйым ер мен әйелдің арасында ғана емес, ер мен ердің және әйел мен әйелдің арасында да сақталуы тиіс міндет. Ал қоғамдық моншадағы баласы әкесін, немересі атасын тырдай жалаңаш көру басқаларды айтпағанда өте қатаң тыйым салынған, күнә әрекет. Бұл әйелдерге де қатысты. Қалыпты құбылыс ретінде ұятымызды өлтіреді. Бұл тыйымды басқаларды айтпағанда тіпті бес уақыт намаздағы кейбір бауырларымыз да білмейді екен. Жеке моншалар мен халал сауналар бар қаланың өзінде қауіпті қоғамдық монша қатардан қалмай келеді. Сөз соңында айтарым кірден арылғанымызбен күнә арқалап қайтатын қоғамдық моншаға барғанша шариғат шегінен шықпай арымызды таза сақтайық!

1 Пікір Кіру