Менің қаламның қайыршылары - на weekend.bugin.kz
Саяна Сейтқожа - на weekend.bugin.kz Саяна Сейтқожа

Тағдырдан тілеп алмаған күн-көріс

Мегаполис. Аспанмен астасқан сәулетті ғимараттар. “Shopping”-тың ордасы атанған брендті сауда орталықтары. Бақытқа толы селфилер, инстаграмдағы толассыз лайктар. Бір қарасаң, ешқандай қылпық жоқ, бәрі тап-таза. Әсем әрі көркем Алматы. Ал енді, күлгін көзілдірікті шешіп, көлеңкелі тұстарға үңіліп көрейік.

Мешіттің алды, саябақ маңы. Кімді көрдіңіз? Көздері мұңмен аптасып, өзін аяуды сұраған жан ұшырғандар. 20 теңге, 50 теңге. Қазақпыз ғой, жүрек түбіне үңіліп тастап кетеміз. “Қу жетпегір, жеткізбей, осы дәрежеге жеттім ғой”-деп, ұрандаған халықтың саны толассыз. “Нағыз қайыршы - ұрлық жасамайды”. Бек мүмкін,десек те “қайыршы” болуды тағдырдан тілеп алған жоқ, пешенеге жазуды сұрап алған жоқ. Қара халықтың, қара базарда қасқайып күнелтуіне бірнеше себептер анықталған. 50 пайызы бұл жағдайға жеткендіктеріне мекемеде қысқартуға ұшырап, жұмыссыз қалғандықтарын сылтауратады. Кейуана қалыпты қарттар зейнетақының не тамаққа, не дәріге жетпейтіндігін айтып, жыламсырайды. Демалыс күндері садақа көлемі 2000 теңгеге жетсе, кейде тіпті 300 теңгені қанағат қылып үйіне қайтады. Көрген, түйсінген күндері осы.

Сауда үйінің маңын торуылдаған Лена Лехачева садақа сұрау үшін 3 қызын да көшеге жетектеп шығады. Кенжесі 1,5 жаста болғандықтан қолды-аяққа тұрмай жүгіре береді. Бір орында тұрып қайыр сұрауына кедергі келтіргендіктен, келіншек қызын күні бойы арқалаумен өткізеді. Лена Лехачева осыған дейін қаладағы емханалардың бірінде аспаздың көмекшісі болып нәпәқа тапқан. “1 ай бұрын мекеме жабылып, жұмыссыз қалдым. Күйеуім де жұмыссыз.Ол Рысқұлов көшесінің бойында күндік ақшаға жалданады. Кейде жұмыс бар, кейде жоқ. Оның акшасы пәтер ақысына кетеді. Балаларға тамақ керек. Үлкен қызым Алина мектепте оқиды. Оның оқуына барып-келуімен сабаққа қажет құралдарына күн сайын 400 теңге кетеді. Амал жоқ, көшеге шығып қайыр сұраймыз”-дейді ол.

Өзге елден қоныс аударып қайыршылықты ата кәсібі қылған мигранттар да жоқ емес. “Барондар” деп аталады, қара халықтың түсінігінде.

Түйіндей келе, таяқтың екі ұшы болатындығы баршамызға аян. Адам ғұмыр кешкенде, төмен таптылықты таңдап алмайды. Сәулелі, бірқалыпты өмірді бастан кешіру, баршаға ортақ тілек. Ақтық демі қалғанша, көшеде жыламсырап өтер, бір бұрышта жан тәсілім етеді. Кімге керек? Өледі де қалады. Айыппұл арқалатып, бұрышқа тепкенше, ситуацияға ішінара неге еніп көрмеске? Біздің қаламыздың жай-күйі осындай. Сөздің діңгегі актёр қайыршылар жайлы емес, амалы таусылған қайыршылар жайлы өрбіді. Кім кінәлі?

0 Пікір Кіру