Жуырда Бекзат Саттарханов туралы телефильм жарыққа шығады - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

Жоба сериал және кино форматында болады деп жоспарланған

Олимпиада чемпионы марқұм Бекзат Саттарханов туралы сериалдың түсірілім жұмыстары аяқталды, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Өмірбаян-драмада боксшының балалық шақтан өмірінің соңғы сәтіне дейін кешкен жеңіске толы ғұмыры суреттеледі. 6 сериялы телевизиялық фильмді Мұрат Бидосов түсірді. 

Басты рөлде Самат Әзімқұлов есімді жас актер ойнайды. Жалпы кейіпкерлердің барлығы спортта белгілі тұлғалар. Атап айтқанда, АИБА вице-президенті Бекет Махмудовтың, Ұлттық құраманың бас бапкері Тұрсынғали Еділовтың, белгілі спортшылар, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың, күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбектің образдарын көретін боламыз.

Режиссердің айтуынша, фильмді телеарна арқылы ғана емес, кинонұсқа түрінде үлкен экраннан да көрсету жоспарланған. Жобаның қазір монтажы жүріп жатыр.

Сериал "Хабар" телеарнасынан жуырда көрсетілетін болады. Дәл шығатын уақыты әзірге хабарланған жоқ.

Бекзат Саттарханов тірі болғанда 39 жасқа келер еді. Ол 1980 жылы 4 сәуірде дүниеге келген. Боксшы 2000 жылы Сидней Олимпиадасында "алтын" алды, І дәрежелі "Барыс" орденінің тұңғыш иегері.

Осы орайда айта кетелік, Саттархановтың өмірін экранға шығару талпынысы осыған дейін де болды. Ермек Шахмет режиссер болған "Бекзат" деген фильмде боксшы рөлін Асылхан Төлепов сомдады. Алайда картина белгісіз себептермен прокатқа шықпай қалды.

0 Пікір Кіру