Аялы алақан - на weekend.bugin.kz
Айшабибі - на weekend.bugin.kz Айшабибі

Эссе

Алғыс айту күні жақындағанын ескере отырып, мұғалім оқушыларға: «Ең алдымен кімге алғыс білдірер едіңдер, соны суреттеп салыңдар» - деп тапсырма береді. Себебі мұғалім өзі өміріне риза жан болғандықтан,оқушыларының да пікірлерін білгісі келді. Және ол өзінің отбасы, балалары жоқтығын ескере отырып, армандаған отбасысы туралы сурет салып отырады. Ол оқушыларына қарап ұзақ ойланып тұрады.

Себебі бұл шағын ауылдың балалары жағдайы төмен отбасыдан болғандықтан, бұл балалар кімге ризашылық білдірер екен деп қызығушылық танытып тұрады. Біраздан кейін мұғалім балалар өздері ойланғанша, мектептің бақшасына шығып кетеді.
Бұл сыныпта Саят есімді оқушы бар. Ол – өте ұялшақ, кез-келген жерде ашылып, сыныптағы оқушылармен сөйлесе бермейді. Өзімен-өзі жүретін тұйық бала. Ол ата-анасынан ерте айырылғандықтан, кімге алғыс білдіріп, кімнің суретін саларын білмей ұзақ ойланып отырады. Ең құрығанда, алғыс білдіріп, суреттерін салатын бауырлары да жоқ. Ол терезеге қарап ұзақ ойланып отырып, кенет оның көзі мұғалімінің далада жүрген көлеңкесіне түседі. Осылайша ол мұғалімінің көлеңкесінің қолының суретін салмақ болып шешеді. Барлық балалар суреттерін бітіріп, мұғалім әр суретті бір-бірден қарап шығып, оны сыныптағы барлық балаларға көрсетеді.  Оқушылардың бірі, ризашылығын уақыттарын қызықты өткізулеріне себеп болып жүрген ойыншықтарына білдіріп, ойыншықтарының суретін салса, тағы бірі қасындағы құрбы,достарының суретін салып,соларға алғыс айтып жатады. Суреттердің ішінде мұғалім бір суретті көзі шалып, сол суретке таңғала қарайды. Яғни ол суретте сыныптағы бір оқушы қыз оның туған әкесі жоқ, бірақ бәрібірде өгей әкесіне риза екенін айтады. Осы кезде мұғалім суреттердің ішінен тағы бір ерекше суретті көріп қалып, түсінбей тұрады. Яғни, ол Саяттың салған суреті еді. Ол суретті мұғалім оқушыларға көрсеткенде, оқушылар таңғалып, бәрі жарыса жауап беріп жатады. Оқушылардың бірі: «Бұл - Құдайдың қолы, себебі Құдай бізге қалағанымызды беруші» десе, тағы бірі: «Бұл бізге көмектесетін қолдардың бірі» – дейді. Осылайша, сыныптағы оқушылар Саяттың салған суреті туралы талқылап, таласып жатса, Саят үндемей ғана отырады. 
Сыртқа қоңырау соғылып, оқушылар үзіліске шығып кетеді. Ал Саят жалғыз өзі үзіліске шықпай, сыныпта отырады. Осы кезде мұғалім Саятқа жақындап келіп, одан өзінің салған суреті туралы сұрақ қояды. Яғни, «Суретте не туралы айтқың келді?», «Суреттегі кім?» деп сұрайды. Сол кезде Саят мұғаліміне күлімсіреген жүзімен қарап: «Суреттегі ол сіз, менің анам болмаса да, мен анамның аялы алақанында өмір сүріп, одан жылулық пен махаббат көрмесем де, мен сіздің қолыңыздан аналық махаббатты сезінемін және сіздің қолыңыздың астында өзімді қауіпсіз сезінемін, сіз мен үшін менің анамсыз» деп жауап береді. Мұғалім аң-таң боп,түсінбей, көңілі босап кетіп, көзіне жас алып тұрады. Ол Саятқа мұңды көздерімен қарап тұрып, оны құшақтап, аналық махаббатын білдіреді. Мұғалім осыдан кейін де өзінің өмірде балалары жоқ болса да, өзінің балалары осы оқушылары екенін, және өзін тек мұғалім деп емес, сонымен қатар оқушыларының анасы деп сезінгендей... Тіпті оның бар бақыты және отбасысы – мұғалімдік қызметі мен өзінің білім мен тәрбие беріп отырған оқушылары екенін ерекше сезіне түскендей...

0 Пікір Кіру