Неге «Бәйтерекке» бару керек?  - на weekend.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на weekend.bugin.kz Марғұлан Ақан

Білім – инемен құдық қазғандай

Қазір елімізде білімді тікелей ақшаға айналдырып жүрген оқу орталықтары, қала берді баласын қайда апарарын білмей сандалып жатқан ата-ана көп. Мектептегі білімнің негізі жеткілікті болмаған соң, әр ата-ана баласының жақсы білім алғанын, өзі қалаған білім ордасына түскенін қалайды. Осы мәселе бойынша, bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы жақында ғана белгілі болған үлкен байқаудың нәтижесінде 620 оқушыдан 12 баланың мамандандырылған мектепке оқуға түскенін естіп, оның ішінде 7 оқушы «Бәйтерек» атты оқу орталығының түлегі екенін естіп, осы орталыққа журналистік зерттеу жасап барып қайтты.

Ғылым мен білім саласына мән беру – мемлекеттің басты талабы. Себебі, қазір білектің емес білімнің заманы. Осынау ғылымға берілген жолда, білім теңізіне желкенін тартып шыққан «Бәйтерек» білім беру орталығы кез келген шәкірттің талабын ашып қана қоймай, олардың болашағына жол ашып, үздіксіз қызмет жасап келеді.

Алматы қаласы Жәутіков атындағы республикалық дарынды балаларға арналған физика-математика саласын терең оқытатын мектептің қос түлегі, шәкірт оқытсақ, білімді жастардың тәрбиелесек деген ниетпен бір қадым алға басып, өздерінің өмірлік тәжірибелерін өзгеге бөлісуге тырысты.

Ахметжанов Ұлар Сырымбетұлы – тек мектептің үздік түлегі емес, қоғамдық саладағы жұмыстардың жілігін шағып, майын ішкен шәкірттердің бірі. Ұстаздан шәкірт озады демекші, ұстаздарының білімін бойына сіңірген Ұлар, біз айтып өткен республикалық дарынды балаларға арналған мектептің президенті де, мектептің ең белсенді оқушысы әрі студент кезінде де мемлекеттік жұмыстардың қасынан табылып, еліне елеулі үлес қосқан азамат. Қазір осы «Бәйтерек» оқу орталығы жетекшілерінің бірі.

Билибеков Нұрсұлтан Әуелбекұлы – осы жобаның негізгі авторы. Өзінің білім саласында жеткен жетістіктерінің арқасында бірнеше дүркін халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпазы. Ғылымға ден қойған жігіттің қазіргі басты ұстанымы – адал әрі сапалы білім. Бұл азамат 2009 жылдан бастап білім мен ғылым саласында еңбек етіп келеді.


Бәйтерек пен «Бәйтерек»

Нұр-Сұлтан қаласының символына айналып кеткен Бәйтеректің негізі мәні – тамыры тереңде жатқан, алып әрі биік ағаштың өзі. Ал «Бәйтерек» оқу орталығы осы тамыры тереңде жатқан ағаштай, кеңге жайылып, берген ілімінің жемісін биіктен көруге ұмтылған жоба.

Балаңыз неге «Бәйтерекке» баруы керек?

Қазір білім саласы арқылы ақша табуды (коммерицялық бағытта) ойлайтындардың саны артып келеді. Шындығында, нағыз білім беру емес, барды ғана пайдаланып сату және тек жақсы атақ жинау. Ал сапалы білім, ғылымға деген баланың құштарлығын ояту секілді мәселе екінші орынға сырғып кетті.

«Бәйтерек» оқу орталығының ең бірінші ұстанып отырған ұстанымы – адалдық. Алдымен адалдық содан кейін барып, сол қасиетке сай білім беру. Шәкірт пен білім берушінің арасындағы өзара  қарым-қатынас деген секілді негізгі талаптар қатаң сақталған.

Еуропаның білім беру жүйесіне қарай ойыса отырып, еркіндік бере отырып, шәкіртті ойын арқылы, оны белгілі бір жетістікке жетелеу арқылы шыңдау аталған оқу орталығының екінші үлгі етіп отырған жолы.

«Бәйтерек» не ұсына алады:

-          Сапалы білім;

-          Шәкірттің білім деңгейін ашық және жариялы түрде көрсетеді;

-          Еркін ойлау қабілетін қалыптастыру;

-          Ерекше әдіспен оқыту тәсілі;

-          Ең үздік мамандар;

-          Шәкірттің деңгейіне қарай отырып, оның білім көрсеткішін көрсету;

-          Ата-анамен тығыз қарым-қатынас;

-          Ойын және түрлі бағдарламалар ұйымдастыру арқылы шәкірттің ынтасын ашу;

-          Әр апта сайын ақысыз түрдегі тесстер ұйымдастыру;

«Бәйтеректің» ерекшелігі неде?

«Бәйтерек» білім беру орталығында тәлім алған шәкірттің еліміздегі ең беделді оқу орындарына, білім беру мектептеріне түсіп кетуге мүмкіндігі 90%-ға пара-пар.

Сонымен қатар, бұл оқу орталығында білім алып жатқан шәкірт өзінің ғана емес, барлық балалардың жалпы білім деңгейін көре алады. Сол арқылы өзара бәскелестік пайда болады. Бұл жалпы тізімді ата-ана да көре алады.  Еуропа білім беру саласында баланы ең бірінші бәсекеге қабілттеті етіп дайындайды. Өзара жарыстыру, байқаулар арқылы шыңдау секілді әдістерге негізделеді. Дәл осы негізді еліміздегі жасап отырған бірден-бір орталық – «Бәйтерек».

Қазір не көп оқу орталықтары, білім жетілдіру, білім беру орындары көп. Алайда, көбінің беретін жауабы: «Біздің жетістіктер, біздің әлеуметтік желідегі парақшаларда бар» деп жауап береді. Ал шынайы факт пен көрсеткіш тасада қалып қояды. «Бәйтерек» оқу орталығы сіздің қоңырауды көтергеннен бастап сізге нақты тізімді, қанша баланың оқуға түскенін көрсетіп беретін ашық қайнар көзді көрсетеді. Бұл ең бірінші – сенімділік.

Бір топта білім алатын адам саны да шектеулі. Яғни, бір топта 10 -15 бала білім алмайды, барынша аз қамтылған шәкірттер анық әрі сапалы білім ала алады. Мәселен, ең көп дегенде бір топта тек 6-7 бала білім алады. Бұл баланың жеке тұлға ретінде өзін дамытуға үлкен пайдасын тигізеді.

Оқушылар екіге бөлінеді:

І. Арнайы топ. Бұл топтағы оқушылар қандай жағдай болмасын өзі таңдаған оқу орнында білім алуы керек. Бұл топқа барынша күш пен жігер кетеді. Әр күн сайын қадағалау, олардың барынша ақылды және қабілетті болуына ат салысады.

ІІ. Жалпы топ. Бұл топтағы оқушылар мектептегі білім үлгерімін жетілдіру үшін қатысады.

Жалпы екі топ бойынша 150-ге жуық шәкірт білім ала алады.

Бұдан бөлек, бұл оқу орталығы барлық пәнге бірдей ден беруге асықпайды. Егер, балаңыз (шәкірт) қазақ тілінен білім деңгейі жоғарып болып, математика немесе ағылшын тілінен әлсіз болса, негізгі күшті осы екі пәнге салады. Ал қазақ тілі бойынша қайталау жұмыстары жасалып отарды. Анықтап айтқан кезде, бала әр пәнді салғырт қарап, «жаттадым, біттім» демейді.

«Бәйтерек» оқу орталығы ата-анаға және оқушыға 2 ай мүмкіндік береді. Яғни, тамыз-қыркүйек айларында кез келген деңгейдегі оқушылар қабылданып, олар білім жетілдіруін бастайды. Осы екі ай ішінде баланың өзі білімге ынталы болмаса немесе әр аптада болатын тапсырмалар мен тесттерді жіберіп алса, оқу орталығынан арнайы ескерту жасалады. Бұл ескерту бойынша, бала не білім алуға барынша ден қоюы керек немесе ата-ана артық шығын жасамауы тиіс. Басты талап адалдық екенін жоғарыда атап өттік.

Шәкірт пен ата-анаға ескерту жасамастан бұрын арнайы аукцион ұйымдастырады. Ол қалай?

Бұл бағдарлама Қазақстандағы білім беру орталықтарында кездеспейді. Яғни, «Бәйтерек» жыл сайын оқушыларға арналған аукцион ойнатып, олардың түрлі қымбат бағалы сыйлықтарды ұтып алуған көмектеседі. Оның ішінде соңғы үлгідегі Apple брендінің смартфондары, самокат сынды түрлі сыйлықтар бар. Бұл қалай жүзеге асады:

-          Оқушылар оқу барысында білім көрсеткіштеріне қарай «bait» көрсеткішін жинайды;

-          Білім беру орталығы ата-анаға хабарласып баласына бір сыйлық жасауын өтінеді;

-          Сыйлықты бала ұтып алуы үшін жоғарыдағы көрсеткішті жинауы керек және білімін жетілдіруі тиіс;

Жаңа жоба: Бәйтерек kids

Бұл жоба бойынша ең төменгі сыныптан (0-сынып) 4-сыныпқа дейінгі оқушыларды дайындайды. Ата-аналардың өтінші арқылы және орталықтың өзі бастама болып осы жобаны қолға алды. Себебі, білімге құштарлық әр балада әр кезеңде қалыптасады. Соның бірі осы бастауыш сыныптағы оқушылардың қабілетімен ерекшеленеді.

Бәйтерекпен бірге шетелге аттан!

Бәйтерек оқу орталығы арнайы 10-11 сынып оқушылары үшін таптырмас жобаны қолданып отыр. Бұл осы оқу орталығының болашақ түлектерін шетелге оқуға жіберу. Яғни, тегін (грант) білім алуға шетелге аттануға сіздің балаңыз мүмкіндік ала алады.

Бәйтеректің жетістігі қандай?

«Бәйтерек» оқу орталығы негізінен шәкірттерді Назарбаев зияткерлік мектебіне, Білім инновациялық лицейіне (бұрығын Қазақ-түркі лицейі) және Дарында балаларға арналған республикалық мектеп-интернатына оқуға түсуге дайындайы.

Білім орталығының іргесі 2016 жылы құрылды.

2016-2017 оқу жылында 62 шәкірт тәрбиелеп, оның 43-і оқуға түсті.

2017-2018 оқу жылында 160 шәкірт дайындап, оның 110-ы оқуға түскен.

2018-2019 жыл бойынша нәтиже енді белгілі болады. Алайда, жақында ғана физика-математика бойынша мамандандырылған республикалық мектепке ел бойынша 620 оқушы қатысқан (6-сынып). Солардың тек 12 үміткері ғана оқуға түскен және осы 12 жеңімпаздың 7 шәкірті «Бәйтерек» білім беру орталығын аяқтағандар.

Білімге ұмтылған қазіргі заманда ата-ана үшін ең маңызды мәселе – баласының оқып-жетілгені. Ал, олардың білімі мен деңгейін шыңдау үшін арнайы оқу орталықтары ашылып, елімізде жаппай жұмыс жасап жатыр. Дегенмен, балаңыз жоғарыда атап өткен 12 оқушының жеңіске жеткен жетеуінің ішіндегі үміткер болғанын қаласаңыз және сапалы әрі адал білімді ұрпақ тәрбиелеуге ниетті болсаңыз, «Бәйтерек» оқу орталығы сіз үшін әрдайым есігін айқара ашады.

Қазақстанның болашағын қалыптастыратын шәкірттер «Бәйтеректе» бас қосып жатыр!

0 Пікір Кіру