4 сәуірдің кинопремьералары қандай? - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

Осы аптада DC-дің кинокомиксі мен Стивен Кинг шығармасының экранизациясы шығады

Сәуірдің алғашқы киноуикенді суперқаһарман туралы блокбастермен және Стивен Кингтің шығармасының жаңа экранизациясымен басталады. Аптаның жаңа фильмдері бұлар ғана емес.

«Шазам!» / «Shazam!»

Жас шектеуі: 12+

«Шазам!» – DC-дің кеңейтілген кинематографиялық ғаламыне кіретін ірі киножоба.ФильмдеБилли Бэтсон есімді жасөспірімтуралы айтылады. Ол бұзық балалардан қашып келе жатып, адам көзінен таса үңгірге тап болады. Осы жерде ежелгі сиқыршымен кездескеннен кейін ересек суперқаһарманға айнала алатын қабілетке ие болады. Бар болғаны «Шазам!» деп айқайласа болғаны. Дегенмен қанша құдыретті болса да, мінезі әлі сол бала күйде қалады.

Фильмге үрейлі фильмдер түсірумен танылып жүрген Дэвид Ф.Сандбергрежиссер болды. Бұл өзі қызық эксперимент болғалы тұр, өйткені фильмнің өзі комедия элементтері бар фантастика болады, ал сюжетте ересек адам денесіндегі аңғал жасөспірімнің басынан кешкендері баяндалады.

«Үй жанурларының моласы» / «Кладбище домашних животных» / «Pet Sematary»

Жас шектеуі: 18+

Стивен Кингтің бұл шығармасы осыған дейін экрандалған (1989). Араға отыз жылға уақыт салып, жаңа Кевин Колшпен Деннис Уидмайер режиссерлер тандемінің көзқарасымен оралып отыр.

Сюжет ауылдық жерге көшіп келген отбасы төңірегінде өрбиді. Олардың жаңа үйі жануарларды көметін орынның қасында орналасқан болып шығады. Бірде осы Кридтер отбасындағы мысықты машина басып кетеді. Отбасы мысықты осы жануарлар моласына жерлейді. Осыдан кейін біртүрлі оқиғалар басталады.

«Амундсен» / «Amundsen»

Жас шектеуі: 12+

Норвегтің ұлы саяхатшысы, зерттеуші және рекордшы Руаль Амундсеннің өміріне арналған кинофильм. Жас кезінен адам аяғы баспаған поляр жерлерін ашуды армандаған Амундсен осы жолда отбасын да, достарын да, сүйгенін де құрбан етеді.

Басты рөлде норвег актері Пол Сверре Валхейм Хаген ойнайды. Фильмді түсірген Эспен Сандберг («Кариб теңізінің қарақшылары: Өліктер сөйлемейді»).

«Карта мечты»

Фильм екі прокаттық нұсқада көрсетіледі: 16+ және 18+

Қазақстан режиссері Мирас Толеухановтың картинасы мотивациялық драма деп айтылды. Басты кейіпкер Әмір есімді жас жігіт, әкесінің байлығының арқасында жарқырап өмір сүруге, өзін ештеңеден шектемеуге үйренген. Алайда күндердің күнінде қамсыз өмір де бітеді. Әкесі ұсталып, бар мал-мүлкі тәркіленеді. Әмір енді өз күшімен күн көруді, жетістікке өз бетінше жетуді үйренуі керек.

Бұлардан бөлек прокатқа ресейлік «Папа, сдохни» комедиясы, «Линкті іздеу» / «Потерянное звено» / «Missing Link»деген америкалық мультфильм шығады.

1 Пікір Кіру
  • patick 04 Сәуір, 2019

    Редакторлар, мәтін ішіндегі суреттерді түзеп жіберсеңіздер