Ганс Христиан Андерсен өмірінің қызықты қырлары - на weekend.bugin.kz
Мирас - на weekend.bugin.kz Мирас

Кеше әйгілі жазушының туғанына 214 жыл болды

Балалық шағы

Ганс Христиан Андерсон 1805 жылы 2 сәуір күні Даниядағы кішкентай Оденсе деген қалашығында өмірге келді. Андерсеннің атасы Андерс Хансен ағаш ұстасы болған. Қала тұрғындары оны есі ауысқан деп санаған, себебі ол ағаштан қанаттары бар жартылай адам – жартылай жануарлардың фигураларын жасаған. Әкесі саяхаттарды жақсы көріп, ақыры Наполеон әскерінің қатарына қосылып, шайқастардың бірінде ауыр жараланып, үйіне оралып, қайтыс болады. Мектепте жақсы оқымаса да, бала кезінен бастап Андерсен шығармашылыққа бейім болады.

Ең алғашқы ертегісі

Өмір бойы Андерсен 170-ке жуық ертегі жазған екен. Ең атақты ертегілері: «Қайыспас қалайы солдат», «Қаршақыз», «Қар патшайымы», «Сүйкімсіз балапан». Ең алғашқы ертегісін мектеп кезінде жазған. Ол «Май шам» деп аталады.

Қорқыныштары мен фобиялары

Андерсен бойы ұзын, арықша келген адам болған. Мінез-құлқы да нашарлау, мазасыз болған. Ол тоналудан, төлқұжатын жоғалтудан, иттерден қорыққан. Өрттің кесіренен қайтыс болудан қорыққаны соншалық, өрт бола қалған жағдайда, арқанның көмегімен терезеден жерге түсу үшін. ол өзімен арқан алып жүретін болған.

Уланып қалудан қорыққан, скандинавиялық балалар сүйікті авторларына ең үлкен шоколад қорабын сыйлыққа жіберген кезде, одан бас тартып, өзінің жиендеріне жіберген. Өмір бойы тістері ауырған.

«Өмір сүру дегеніміз – саяхаттау»

Андерсеннің бұл сөзін көптеген туристік компаниялар өз жарнамаларында қолданады. Ол өз өмірінде 29 рет үлкен саяхатта болған екен. Саяхат барысында өзін төзімді және ержүрек ретінде танытқан, аттың құлағында ойнаған шабандоз және жақсы жүзе білген деседі.

Балалар кітабының күні

Жыл сайын 2 сәуір күні әлем бойынша Халықаралық балалар кітап күні мерекесі аталып өтіледі. Халықаралық күн саналатын атаулы мереке аясында балаларға арналған түрлі кітаптары жарнамаланып, балалар жазушыларымен кездесулер өткізіледі.

0 Пікір Кіру