Ымға түсінбеген, дымға да түсінбейді - на weekend.bugin.kz
Ізгілік - на weekend.bugin.kz Ізгілік

Соңғы екі жыл көлемінде тұрақты түрде жеке хаттар көп келеді. Нақтылап жекеге деп жазғанымның да себебі бар. Көптеген хаттардың негізгі мазмұны ортақ бір мәселе төңірегінде. Сол мәселелер бойынша білікті маман емеспін, дегенмен өтініш білдіріп хат жазған оқырманның талабына барынша көмектесуге тырысамын

Алғашқы уақытта, "Мен білмеймін" деп жауап жазып жүрдім. Кейіннен, осы мәселелер бойынша өзімше қолдау көрсетудің жолын таптым. Яғни, сұрақтың жауабы бойынша кеңес беретін білікті маманға бағыттау. 

Оқырман, авторға сенім білдіріп, мәселесін жазады. Автор білікті маманға сұрақты жолдап, жауабын алады. Келген жауапты оқырманға жібереді. Оқырман да риза болып, мәселесінің оң жағынан шешілгенін хабарлайды. Оқырманның мәселесі шешілгеніне автор да шын жүректен қуанады.

Аталмыш мәселе бойынша келген сұрақтардың көпшілігін пайымдап қарасам, мәселені ушықтырмай және қызуқандылыққа салдырмай, байыппен заң шеңберінде шешудің маңызы өте зор екенін түсіндім. Көптеген мәселелер заң білмеушіліктен туындайды. Заңды жолын біліп, себебі анықталған соң мәселе де шешіледі, адамдар арасындағы қарым-қатынас та сақталады. 

Шындығында, әркімнің өзіне тән мәселелері жеткілікті. Авторға келген жеке хаттарды екі топқа бөлуге болады. 

Біріншісі, оқырман өз мәселесін толық жазады, тіпті сол мәселенің БАҚ арқылы таралып, тиісті үкімет орындарына жетуін де қалайды.

Екіншісі, оқырман мәселесі туралы қысқа ғана ақпарат береді және мәселенің ушығып кетуінен сақтанады. Ұжымдағы түсініспеушілік, жұмыссыз қалу қаупі т.б маңызды себептер сақтануға мәжбүр етеді.

Хат жазған оқырманның осындай түрлі жағдайларын ескере отырып, өзім тарапымнан ешқандай артық сұрақ қойып, мазаламаймын. Нақты мәселеге назар аударуына кеңес беремін және заңдық кеңес бойынша тиісті маманның кеңесін алатынымды ескертемін.

Сонымен, хат жазған оқырмандардың негізгі шаруасы ҚР "Еңбек туралы Заң" шеңберінде шешімі табылатын еңбек қарым-қатынас мәселелері.

Көптеген мәселелер заң бойынша тиісті кеңес берілгендіктен, оқырман үшін пайдалы жағына шешімін тапты.

Кейде, оқырман жұмыс берушіге өзінің заңды талабын сауатты етіп жазып, апарып бергенде шешімі табылды.

Ал, кейде, оқырман заң бойынша өзінің талабының орынсыз екенін түсінгеннен кейін шешімі табылды.

Сондықтан, заң талаптарын саралау барысында кәсіби маманның келелі кеңесі өте маңызды болып есептеледі. 

Оқырман мен автордың өзара сенімі мен рухани байланысы арта берсін.

0 Пікір Кіру