Авторлық кітапшаны окыған адам автордың шығармашылық бағытымен танысады - на weekend.bugin.kz
Ізгілік - на weekend.bugin.kz Ізгілік

Үлкен кітапты оқитындар аз, ал кішкене кітап болса үйде, жолда оқуға ыңғайлы


Әрбір шығармашыл жанның жинақталған авторлық мақалалары, әңгімелері, өлеңдері бар. Автордың өзіндік өмір тебіреністері туралы ой-пікірі, өзінің әдеби деңгейі мен шығармашылық бағытын айқындайтын рухани айнасы. 
Рухани айнаға қараған оқырман автормен сырласа отырып, өзіне де пайдалы, жағымды күйге енеді. Болашаққа бірге самғайды, өткеннен бірге сабақ алады. 
Әдебиеттің де көркемдігі, рухани азық болатын жері — осында. 
Сондықтан, қазіргі заман талабына сай болу үшін оқырманды автормен таныстыру және кітап оқуға ынталандыру мақсатында авторлық кітапшалар баспадан шығарылғаны дұрыс.

Авторлық кітапшаны окыған адам автордың шығармашылық бағытымен танысады

Кітапшаларға әдеби, ғылыми, танымдық, тәрбиелік бағыттағы авторлардың шығармалары таңдап алынады. Кітапшалар жалпы оқырманға арналған.

Кітапшаның бет саны мөлшерлі болғандықтан, бір мезетте оқылуы жеңіл және бос уақытты тиімді өткізуге себеп болатын әдеби көркем шығарма форматында құрастырылған.

Шығармашыл жанның көркем еңбегін кеңінен насихаттау АВТОР мен ОҚЫРМАН арасында әдеби көпір орнығып, ұрпақ тәрбиесі үшін рухани мызғымас көпір болуына себеп болады деп сеніммен айтамыз.

Мысалы, Интернетте оқырманға ақпараттық және танымдық бағытта бірнеше кітапшаларды атап өтер едім. Қызыққан оқырман, Интернеттен толық ақпаратын тауып алып оқып шықса болады.

КІТАПШАЛАР ТІЗІМІ:


  1. Кітапша аты: Баянсызды бақыт санап, есі барлар сенделмес… 
    Бет саны: 19 бет. Тираж: 1000 дана. Автор: Нұрлыбек Саматұлы Сафин.




  2. Кітапша аты: Менің елім – бейбіт өмір бесігі 
    Бет саны: 18 бет. Тираж: 1000 дана. Автор: Қуат Адис.




  3. Кітапша аты: Ертегі әлемі
    Бет саны: 16 бет. Тираж: 1000 дана. Автор: Жүсіп Әдина Әбдібайқызы.




  4. Кітапша аты: Өмір сабағы 
    Бет саны: 14 бет. Тираж: 1000 дана. Автор: Шарапат Кульжанова




  5. Кітапша аты: Сырдың сырлы қызымын
    Бет саны: 20 бет. Тираж: 1000 дана. Автор: Ұлмекен Алимова Әлімқызы




  6. Кітапша аты: Киелі ағаш – тораңғы 
    Бет саны: 14 бет. Тираж: 1000 дана. Автор: Жанар Масаева




  7. Кітапша аты: Асыл, биік армандар адамды асқақ етеді
    Бет саны: 16 бет. Тираж: 1000 дана. Автор: Досбаева Панар Сейдалиевна




  8. Кітапша аты: Любовь, проверенная жизнью
    Бет саны: 16 бет. Тираж: 1000 дана. Автор: Сагитова Умыт Сапаровна




  9. Кітапша аты: Слова, возможности и время
    Бет саны: 16 бет. Тираж: 1000 дана. Автор: Сагитова Умыт Сапаровна
0 Пікір Кіру