Су ішу тәртібі - на weekend.bugin.kz
Аида Әбілхайыр - на weekend.bugin.kz Аида Әбілхайыр

Су өмірдің мәні

Ораза айы болатын, судың қадірін терең түсінген кезіміз ғой. Кешкі ауыз ашуды қарын ашқандықтан емес, шөлдеп бара жатқандықтан асыға, зарыға күтетін едік. Солай тамақтанар алдында екі бокал суды сіміріп алу әдетке айналып кеткен. Ақырын күн санап салмағым түсіп келеді. Бетімнің терісі де жұмсарып кеткендей ме?

Ораза аяқталған соң суға деген құлшыныс күрт азайып, айттың алғашқы күндерінде ақ тастаған салмақ орынына келді. Жалпы мен ғана емес адамдарыдың көпшілігі осындай ғой, мойындайық. Әйел заты болған соң сұлулық біздің піріміз екендігі белгілі. Сосын ғаламтордан сұлулықтың негізі қайнар көзі болатын бір нәрсе табу керек болды. Жаттығу залына уақыт жоқ, қымбат шай, кофелерді уақытында алып тұрмасаң бұрынғыдан да семіріп кетесің деген сыбыс бар. Диетаға асқазанды қимаймыз. Бірінші көмек судан келді. Әлем судан жаратылды ғой, сұлулық та судан келетін сияқты. Бірінші күнен суды аямай іше бастадым, көлікте жүрсем бөтелкеге құйып алдым, қарным ашса бірден суға жүгіремін. Бірақ оның зияны да бар екен. Бір апта өтпей көзім, бетім быртиып ісіп, бүйрегім суға толып кеткен. Біраз ғаламторды ақтарып су ішу тәртібін қарап көрдім. Біріншіден  дәрігермен ақылдасу зиян болмайды, әсересе бүйрегі ауыратындарға. 

Суды тамақтанып отырып ішсе немесе тамақтанып болған соң бірден ішсе, оның пайдасы болмайды. Су ішудің өзіндік тәртібі бар екен. 

Таңертең ұйқыдан тұра салысымен 1 жарым стақан (300 мл) су ішу керек. Бұл асқазанды тазалайды.

Таңғы асқа дейін жарты сағат бұрын тағы да 1 жарым стақан су ішеді. Бұл ағзаны сумен қамтамасыз етеді.

Екінші таңғы астың алдында сағат 11-11 жарым шамасында тағы 1 жарым стақан су ішеді. Бұ ас қорытуды жылдамдатады.  2,5 сағат өткеннен кейін тағы 1 жарым стақан ішу керек. 

Түскі асқа дейін бір сағат бұрын тағы 1 жарым стақан су ішеді. 

Жатарда суды қажет етпесеңіз мүлдем ішпей қойсаңыз да болады. Себебі жатарда ішкен су ағза қимылсыз болғандықтан тек бүйрекке жиналып, кіші дәретке жиі шығуға мәжбүр боласыз.

Енді қанша мөлшер де су ішсем деген сұраққа келейік.

Суды күніне 6 стаканнан 8 стаканға дейін ішу керек.

Алайда, құбырдан ағатын суық суды қайнатып барып ішу керек. Өйткені су қайнағанда құрамындағы металлдар мен зиянды заттар жойылады әрі су ішкенде тек жылы су пайдалануға тырысыңыз.

  • Жылы су теріні тазалайды. Әсіресе, аязды күндерде терісі құрғақ адамдар ішкені жақсы.
  • Бұлшықеттерді босаңсытады. Әсіресе, қыздардың етеккірі келгенде мұның пайдасы зор.
  • Таңғы асқа жарты сағат уақыт қалғанда және тамақтан соң 1 стакан жылы су ішсеңіз, асқазаныңыздың жұмысы жақсарып, ауруларға жол бермейді.
  • Аш кезіңізде ыстық су ішсеңіз қуық жолдарындағы барлық микроптарды өлтіреді.

Иә судың біз білмейтін басқа да қырлары көп, ең алдымен денсаулыққа пайдасы орасан ақ. Бірақ суды ешқандай сусынмен алмастыра алмайтыныңызды ескерте кетейік. 


0 Пікір Кіру