Қарам (әңгіме) - на weekend.bugin.kz
Нұрғайып Хавсаметұлы - на weekend.bugin.kz Нұрғайып Хавсаметұлы

...Ұя басар қаншыққа кезікеніне де үш күндей болып қалды...

Қаңтар айы келгелі, "күн құлақтанып" аяздың қайтар түрі жоқ. Ойдағы аулдардан қарғанда, жондағы малшы ауылдарының жағдайы тіптен қиындай түсті. Қысқы демалысқа келген балаларын, оқуларына жетікізе алмай отырғанына, бақандай бес күн болды. Бір жағынан Бота мен Жанатта әкелерінің мазасын алып бітті. Сабақтан осылай кешіге берсе, үлгерімдері төмендеп кететінін ата - анада жақсы біледі. Қыстың көзі қылау да дегендей, Китінің асуын қар басып, Бақылықа волфромға үнемі келіп жүретін салдыр салақ Берікбайдың да ат ізін салмағанына бір айдан асты. Өткен жылы, қатарынан қалғысы келмей сатып алған «ийж» мотацикілмен жүріп кеткісі келеді, бірақ балаларын тоңдырып алам ба деп қорқып, тартыншақтап отырғанына бір аптаның жүзі болды. Бір жағынан күннің алуы қайтып қалар деген соқыр үміт бар.

****

...Ұя басар қаншыққа кезікеніне де үш күндей болып қалды...

Алыс жақындағы малшы аулынан береке кете бастағанына біраз күнің жүзі болып отыр. Бір жағынан қыстың суығымен алысп, қайтсем азғана малдарын көктемге аман жеткізем деп отырған малшыларға, қасқырдың келіп әлек салуы, «жығылған үстіне жұдырық»- боп тиіп жатыр. Азынаған қара суықта, түнімен қорадағы малдарын таң атқанша күзетудің қияметі, күнделікті тірлік үсітіне қырық жамау боп қосылып отыр. Кеше Ақ мойнақтағы қыстап отырған Бейсенің қорасынан он шақты қойдың қарнын жарып, кетті. 

Он қойдың жайрап жатқанын көрген,  Бейсенде көңіл күйі жоқ. Бәлем қолыма түсерсің, егер түссең жон теріңді тірідей сыпырам деп тұр. Ашулы жүзінен айтпасада түсінуге болады. Бұндайда кім, кімді болсын аяйын деп тұрған ол жоқ. «Таз өшін тырнадан алардай болып» кімге соқтығарын білмей, ішнде бір алапат күш ғыж-ғыж қайнап жатыр. «Әкең»-деп айғай салды, үйдің пешіне сар керіш болған қи жағып жүрген жұбайы далаға жүгіріп шықты. «Әй қатын ана Батырды шақыр түнімен не қарап отырған, әлде ол неме түнімен төл қорада ұйқыны сойып жатты ма» - деп бетіне түгі шығып кеткен. Қолындағы затын тастай салып  үйге әйелі жүгіріп кіріп кетті. Таңға жақын келіп ұйқтаған Батырды оятып, «итқұс бүгін тағыда біраз малды жәрекмдеп кеткен сияқты, әкең тым ашулы, ашуын ушықтырма не айтсада үндеме, жауап қайтарсаң жоныңнан таспа тілер»-деп ана байқұс баласына бәйек болып жатыр. Ұйқысын ашып үлгеремген ұлы, ана сөзін түсінбесе де басын изеп тысқа шығып кетті.

-«Бері кел, арам тамақ, саған қашанғы айтам азғана малды қарашығыңдай қорға деп, сен болсаң істейтінің осы, тірідей өлтіретін болдың мені, қарашы мынаған сүмелек құртың ғой құртың» – деп дауыс қарлығып барып тоқтады.

-Әке дей беріп еді!

Әке деме  арамтамақ деп күректей алақанымен ұлының жағынан салып қалды. Ұлы болса алпамсадай сом денелі әке алақанын қайдан көтерсін, аузы мұрынынан қою қан бұрқ ете қалды. Жасықтығын көрсеткісі келмедіме қайратын жиып қасына қайта барды. Көзінен бір тамшы жаста шықпастан, ақан қанды білегімен сүртіп, әксіне мына боқ отбасыңнан артық беді дегендей ызғарлы жүзімен қарады. Әке жанары ұлынан қазыр қайсарлықты емес, өзіне деген жиркенішті жанарды көріп, қайталап көтерген қолын  бір сілтеп, шор-шор боп қандары қатып жатқан саулық пен тұсақты, бойлақ пен сектеріне қарай жайлап басып кетіп барады.  Қашан қолым шәшпа төк байлыққа жетем деген ше, митыңдап құритын шығармын: өз –өзімен сөйлесіп күбірлеп жүр. Батыр болса, ең болмаса терісін бір керекке жаратару керек қой деп лалшығынан пышақ әкелуге кетті. Қайтып келсе ашуы тарқап,  өлі қойларды бірінен соң бірін тізіп тастап қарап тұр.

-Әй балам сен нешеде келіп жаттың. Сен күзетте отырғанда қордағы қойлар бірдеңеден үркіп беді?

-Мен таңғы алты шамасында келіп жаттым, жақан отымның шоғы ғана қалғандықтан, бір жағынан денем де мұзай бастағасын үйге жылынайын деп кіргем, жылы жерде маужырап ұйқтап кетіпбін. Мен таң ағарғанша отырған кезде бір де бір қой артық қимылдамай жатқан болатын.

-Қасқырларда ақымақ емес түнімен жақыннан торулдаған болып тұр ғой. Оттың жарығы сөнгенін, қаруылдағы адамның үйге кеткен сезген соң бірден атылған – ау шамасы, жусап жатқан қойларға. Бұл бірғана қасқырдың қолынан келетін жай емес. Бұлар еку болу керек... 

 «Бері кел балам мынаны қара, мына сулықты алқымдап кеткен. Бұл арлан қасқырдың ісі. Ал мына тұсақтың алдымен жамбасын жұлып, сосын барып жұқа шабын жарып қарынын ақтарып кеткен. Бұл буаз қаншықтың ісі» - деп ұлына өмірде түйгенінінен азды кемді білерін айтып отыр. Әке айтқанына сен беседе үндемей тыңдап тұра берді. Біраз уақыт үнсіз жүріп, барлық қойлардың терісін сыпырып болаған соң. Аман қалған малдарының жай күйіне алаңдап, қайтседе араны ашылған екі көк жалдың жұлынын үзуге бекінді. Әбден титықтап кеткен малшылар, қаншық пен арланның соңынан түсуді жөндеп білді. Алдымен біраз койдың жемтігін көлдің бойындағы жырашыққа апарып тастап, маңайлатып бір- екі қақпан құрды. Қасқардың ізіне түскен Бейсен бастаған оншақты жігіт Қызылқұдық пен Қаңқұдықтың сай саласын түгел шолып шықты. Танаулары тасқа соғылып, шолғыншы жігітердің бәрінің көңіл күйі жоқ. Астарындағы атарының да, тәңертеңгідей емсе жүрістері қоюлай түскен. Тек қана Батырдың астындағы кертөбелі ауыздығымен алысып тыпыршып келеді. Бір жағынан қаңтардың аязы қызыл шұнақтанып үдеп алды. Алдыдан аңызғақтай соқан жел, барлық жігітердің іші бауырын қалтыратып жіберді. 

Түнде жауған қарыдың үстінде, қоян, қарсақ, мәлін, түлкі іздері  көрер көзге айқыш-ұйқыш боп ап анық көрініп жатыр. Барлық аңдардың да бұл жүрісі бір күндік талғажау іздеуі еді. Түс ауа ешқайысы да үміттерін үзбей Ақмойнақ тағы қысатуға қарай қайтып келе жатыр. Бар үміттері, көлдің бойындағы жырашықтағы жемтікке келер деп ойлап келеді. Қойнындағы дүрбісін Бейсен інісі Сейсенге беріп көл жақты бір шолып өтші дегендей сыңай таныты. Аға қолындағы дүрбіна алған, Сейсен жан –жағын баралап тұрып, таптым-таптым деген жарқын үні шыға бастады.         -   Қайда жүр екіуі,  не тұрыс бесатарды оқта, атан – деп, бұйыра үн қатты.

-Асықпаңыз бірі қақпанға түскен секілді, екіншісі айналсоқтап жүр.

-Пах шіркін, қолым түстіме дегендей Бейсен балаша қуанып тұр.

Бір нешеуі көлді айналып аяғынан келуді жөн көрді, ал қалғаны желке тұстан баспалап барып атуды жөндеп біліді. Атарын тұсап тастап Бейсен мен Сейсен екуі екі жүз қадамдай жақындап барып, мылтықтың қаруылына арланды алды. Ал аяқ жағынан баспалаған топ қаншықты атуға оқталды. Қаспен көздің  арасында жаңғырып шықан мылытқ дауысы азынап қоя берді. Бірден қаншық арс етіп соңғы азалы үнін шығарып жерге жалп ете қалды. Ал енді бір атылған оқ арланың құйрығын жұлып кетті. Жаралы болған қасқар бірден жақындағы, қорымы мол қырқаға қарай сытылып жоқ болды. Далақтап арланың соңынан түскенімен, оны қолға түсіре алмай, салдары суға кетікендей боп қайтып оралды.

****

Мал қоралап келген соң, алыс жақындағының хабарын білу үшін родиосының құлағын бұрай бастады. Бір қалыпқа келтіріп, Өлгеий ағымына қосылып, соғымға сойған ту биенің қазысы мен қартасын қиғаштай турап отрыған, барлық отбасы мүшесі әке қабығын бағып отыр. Болат пен Жанат болса ертең бізді оқуға апрама екен деп әке жанарына қайта-қайта қарап қойады. Үй ішіне жылу сыйлап тұрған ортадағы қара ошақ. Бұл ошақтың басында нелер жағдайаттар болмады. Садырдың алғаш осы үйге жары Күмәнді жар етіп әкелгенде ансы алғаш рет отқа майтамызып, екеуін от анамен аластамап педі. Әзи анасында осы қара қосын мен қара ошақтың басынан ақтық сапарға шығарып салған емеспе. Отбасы мүшелеріне дастархан басында түгел отырғанына тәңіріне шүкіршілік етіп, ас қайырып жатып, ұрпағының естті азамат болып өсуін тіледі.

Артынан ерген қайрымсыз інісінен ат кекілін кескеніне бақандай он жыл болыпты. Ардағы сол бір оқыйғадан кейін оны қайтып көрмеді. Қайда жүрседе оның аман есен жүруін тілеп отырады үнемі. Інсінің немере әпкесінің қызы Гүлбаршынға үйленем деп әлек салған күнен бастап, қанша рет ақыл айтты. Бірақ қыңырлыққа салынған інісі өзінен басқа ешкімді тыңдағысы да келмейді. «Құлағы керең, жанары зағыйыпқа айналған», естіседе естігісі келмейді, көрседе көргісі келмейді. Ағаның шыр-пыр болуы ағайының ынтымағы екенін жастар жағы түсінді ме? Әрине түсін беді. Қан араласуынан қорқты емеспе басты себебі: өз әпкесінің қызынына, яғни жиеніне қалай аузы барып келінім деп басына ақ орамал тағып, екеуің бақытты бол деп айталады, әриен айталамайды оған адмдық ары жіберсін бе? Жібермеді. Ақыры аға мен іні бір – бірін дұшпан санап, бір ананың құрасағына сыйған қос құлын: ат кекілін кесті емеспе. Бұл қасыретке шыдамаған аналары, жүрегі тоқтап мәңгілік мекеніне кетпеді ме? Інісін анасының өліміне кіналады. Содан бері жалғыз ғана сырласына айналған шөлмек еді. 

Ойдағы достары, Садырдан не семіз қой немес қаржы сұрау кезінде бір-екі жартылықтарын күлімдей әкеп қалжайын сұрай отырып, өз жоспарларын талай рет жүзеге асырып кетті емеспе. Оларды өзінің досы деп санағанымен, олар қорадағы мыңға тарта қоймен қоймадағы ешкінің түбітіне дос екенін сезеген емес. Оны түсіну үшін тағы бір мәрте зоотехникомын оқып келу керек шығар. Табан ет маңдай терін өзінен аяп, өзгені игілігіне, аққайнардың кесірінен қанша рет айырбас еткенін өзі де білмейді. Қарызын сұрауға оқталып барғанымен, екі ұртынан ақ көбігі ағып екі қолын санына соғып келгені есінде қалды дейсің бе? Қалмды, көлгірсіп келген достарына менің сендерге деген көмегім деп, қорадағы бір атар қойына қарап мақтанадай келіп, бұлар аман болса мен Садыр айғада барам деп.

**** 

Тымырсық түнге қарап тұрып ұлыдай келіп, аш құрсағына содан бір қуат біте қалатындай. Түнімен тау-таудың жықпылымен жырасын торуыладап демі құрып отырғаны осы. Өткенде жомарт төбенің бойынан алқымдап жеген арық тұсақтың да құрсағында, жұғыныда қалмағандай. Енді бұратылып аспанға қарап ұлып отырғаны. Кеңсірігіне бұрын татып көрмеген жылы-жұмсақтың исі келгендей болды. Қара шөл жазығын тіміскілей орта көлдегі Сәнидің қорасын торуылдауға жортып кетті. Тас қораның желкесіне келгенде таңсық ис тағыда тануын жара бастады, барған сайын араны ашылып құнығып барды. Жақындап келгенде көң қорадағы қойлардың шуаш исімен текенің сасығынан лоқсып жиркенгендей болды.  Бұрынғысынанда тым талғампаз болып кеткендей, кейде өзінің арлан екеніні күдіктенетінді шығарып алған. Кейде малшы ауылдар итімен бірге ылығып кетіпте жүрді. 

Жалпы көк бөрінің атына кір кертілгендей болады. Содан да шығар қасқарларды көрсе, оларғы жынысын қоспай: жапандаланы жалғыздан – жалғыз жортатып кетеді. Жалғыздықа серік қылған сол бір оқиға санасына саңылау берсе, Бейсеннің қорасына тағда лаң салғысы келді.  Соңынанан түскен қуғыншылардан түнімен қашып, артынан атылған мылытқтың даусынан зәрезап болып қалғандай бойын бір үрей билеп алған. Алды артына, түн тышытығын бұзып жарқылдап ұшқан оқ бірде тасқа соғылып жаңғырса, бірде құлағының түбінен ажалдың жырын азынатып кетіп жатты. Апаннан алғаш бауырын көтеріп енесімен алғаш қағулаға шықаннан бастап, мұндай өмір мен өлім арпалысына түспеген еді. Қыпшал ішіндегі апанға қашып кеп паналаған болатын. Он шақты күндей апаннан ұзап шықпады. Бір жағынан жарасы қара қотырланып жазылғанша аялдай тұруды жөндеп білді. Жарасы жазылған соң Шилісайдағы наймандардың малына қырғыйдай тиіп, бірде өрсітегі малын тарытып жесе, енді бірде  малаға мініп отырған атарын қыстауларының желекесінде жалымен құйрығын естелік ретінде қалдырып кетіп отырды. Тағылықпен жолдас болғалы талайды сан соқтырып кетті емес бе?... Байырғы мекені Қаңқұдыққа келгенде ең алағаш аузына ілінгені, арықтан тұралап жүре аламай Жомарт төбеде қалып қойған қызыл тұсақ болды. Оның өзі ашыққан арланға тойымды талғажау бола аламды.

Сәніи үйінен ұлын ертіп дәретке шыққанда тануына жерік асының исін келгенде: ол адам еті екенін анық білді. Қорадағы малдың бірінен де ауыз салмастан әке мен баладан көз алмастан ұзақ қарап жатты. Егерде жалғыз жарым шықсса ойланбастан бас салғалы тұр. Бір жағы адамға деген өшенділігі болса керек. Ал ендібір  себебі: қаншықтың құрасағында бірге ажал құшқан өмірге келмеген бөлтіріктерін ойласа, жон терісі жотадай болып күжірейпіп шыға келеді. 

Адам баласының жалғыз жүруін аңдығанға үш күн болды. Үшкін сілекейін шұбыртып, бірде орта көлге тартып отырса, бірде Қашаты мен Намырзынды шарлап шығады. Ешқандай жерден жалғыз жарым адамды кезіктіре алмай діңкесі құрып Қаңқұдыққа қайта- қайта оралады. Осылай мал етін емес адам етіне зарығып, оймен қырды себепсіз жортуды машыққа айландырып алды.

****

Құлқын сәріден үйде тұрған мотацикілін далаға шығарды. Аяздың беті әзір қайтатын емес. Неде болса Бота мен Жанатты оқуларына апрап тастауды жөндеп білді. Жол тым алыс болмасада, жетпіс шақырым жерді мотацикілмен жүріп өтуді ойласа денесі түршігіп кетеді. 

Екі ұлын бастарына керейдің пұшпақ тымағын, үстеріне сең-сең ішік, аяқтарына Увсыдан шығатын ақтабан етік кигізіп Ақкөл қалашығына жолтарып кетті. Обаты асуынна шыққан да екі қолы мұйықтың ішінде дызылдап кетті. Сонда тоқтап, баларына қарап тоңдыңдарам дегендей сұраулы жұзбен қарап қояды. Ол екуі сөйлеуге шамасы келмей, тоңған жоқпыз дегендей бастарын изейді. Ал тоңбасаңдар әкелерің бойын жылтысын деп қойынына салып шыққан Өлгейден шығатын «шалқыма» арағын бір жұтып алып, қалғанымен қолын жуып, сапарларын алға сабақтап кетті. Әдетте, көз ұшында жап-жақын боп көрінетін қалашық, бүгін тым алыстап көрінгендей болды. Не жер тамыры жазылып кеткендей сезілді. Жалпысы шіліденің шіліңгірінің өзінде кейде, күздің суық ызғары соғатыны бар. Бұда болса табиғатың тосын мінезі болса керек. 

Түс мезгілінде мектеп жатаханасының қасына келіп жетті. Екі ұлдаң тоңғаны сондай мотацикілден домалап, домалап түсті. Әкелері болса беті қолы домбығып, адам көргісіз жағдайда тұр. Жатахана тәрбиешелірі әке мен балаларды тезедетіп жылы жерге кіргізіп бәйек болып жатыр. Бірі қара көже дайындап әкелсе енді бірі жылы су әкеп баларыдың аяғын малып жатыр. Бұл жағдайды естіген мекетеп дирокторымен аурыхана басышыларымен мейірбикелерде жүгіріп жетті. Екі баланың өкепесінен суық тиіп емханаға жатқызатын болды. Ал әкелерінің үсіген бетімен қолдарын барынша емдеп ақ дәкемен орап берді. Жатып емдел деп еді аурухана башысы, оған көнбеді. Мұндағы жұмыс шаруасын бітіріп аулына қайтпаса арт жағы иен екенін айтып бой бермеді. Алайда бір екі күн сыртан келіп емделіп тұруды жөндеп білді. Осындағы досы, Ұнаттың үйінде болатынын айты.

Мотацикілінің бүйірінен бір теуіп тамызып досы Ұнаттың үйіне қарай жүріп кетті. Аурухана терезесінен әкелерінің артыннан ұзақ қарап тұрды. Кетіп бара жатқан әкелерінің артыннан ілесіп қаламаған қара қарғаның қарқылы Бота мен Жанаттың құлағында ұзақ уақыт бойы азалы үндей боп жаңығырып тұрды.

-Асслаумағалүйкүм Ұлеке?

-Уағалайкүммассалам Сәке ызғрлатып келіп қалдыңыз ба?

-Ой айтпа тілуқұрғыр әлгі екі жүгірмекті оқуына алып келдім. Түрімді көріп тұрсыңдар жағдай осылай болып қалды.

-«Ой досым саспа сен бұған қандай дәрі әсер ететінін мен жақсы білем» - деп, өтірік көлгірсіп жатыр. Ұнаттың әйелі болса Садырға қарап ыржиғаны болмаса, апшысы қуырылып, шақырусыз келген қонақа іші жылып тұрғаныда шамалы... Ұнат өтірік болсада әйеліне қазан көтер Сәкең деген асыл азамтқой жақсылап күтіп жіберейік деп қояды. Бұнсы қайтсем дүкендегі азыналақ арақты өткзіп жіберудің алғашқы айла тәсілі еді. Кешкі жетіде ауылдың жарық шамдары жанысымен, Ұнаттың Садырға тамақтың келуін күтпей, аман келгенің үшін деп құйған бір жартысын сіміріп салды. Біраз уақыттан соң буы бұрқырап жылқы етіде келді. «Сәке етен алып отыр» - деп, тағы бір жартының түбін тықырлатып тастады. Арққа қызып алған Садыр әдетінен жаңылмай қорадағы қойларын айтып мақтанып көпірдай келіп. Оған Ұнат болса одан әрмен көпіртіп. «Бұл маңайда сенен асқан атақты «Шопанды» көргем жоқ»- деп,  артына жел беріп бөстіріп отыр. Сәкен болса өзінің сутібіне кетіп бара жатқанын аңғарғанда жоқ. Баланың ақшсы деп түсетін бір айлық есеп шотты түгелдей арққа жұмсап жіберді. Тіпті әйелі ұн-шай ала келдеген азғана қаржыға қолсалып шетінен ұстай бастады.

Садыр болса осылай үш күн бойы арақты тойғанынша ішіп, тіпті жарасын дәрігерлеге барып қайталап көрсетудің орнына, байлығына ортақтас достарынан асалмай, қарабасының қадырын жоғалытумен болды. Емханадағы балаларының да қалін сұрап шығуға бостықтан уақыт тауып бара алмады. Ал балалары болса әкелері азғана қаржы әкеп беріп кетер деп алаңдаумен жүргенін ол есінеде алмады.

Түнімен Ұнаттың үйінде дөңбекшіп ұйқтай алмады себебі: желге ұшқан қаржысын ойлап. Өзін қанша жерден алдағанымен, дәл қазыр қаржының орынын толтыра қоятын не себеп, не сылтау табалмай жатыр. Қаңтардың таңы осынша қаңтарылып таңы құрғыр атапай, сазарып тұрып алғандай сезіліп жатыр. Ертесімен тұрған Ұнат досының көңіл күйін сездіме, бір қап ұн мен қытайдың шақпақ шайынан біреуді алдына тартты. Бұл менің досытық сиым деп. Алайда Ұнат бұлардың ақысын екі еселеп өтеп алағанын Садыр сорлы қайдан білсін. 

Матацикілінің теңіне теңдеп жатып, «Ұнатқа сенмені бір ажалдан құтқардың, құр қол барсам ана біздің долы қатын мені тірідей көрге тығады» – деп қалжыңда қойды. Қутыңдап тұрған ол, досыма қол ұшын бермесм несіне дос болып жүрмін деп күлді.

Түк жүрісі мандымай қойды таңнан шыққанымен түс ауа Обаты асуына әзер жетті. Мотациклінің қызып келе жатқаннан шығар деп ойлап, асуға шығар алдында суытып алмақшы болды.

****

Түнімен ашқұрсақ жүрген көкшолақ таң ағара обатының  сай саласын аралап тіміскілеп келе жатыр. Талқажауға, тіпті тіске басар да тапай сандалып жүру мен болды. Обаның қасында отырып тағыда  асапан астын күңіреттіп тұрып ұлыды. Қанша отырғаны белгісіз шоқыйып. Жол бойында қарайған заттың барлығына көзін сүзіп отырды. Тағыда жерік асы туралы ойлап тануын жел өтіне тосып ұзақ тұрды. Тануына шынымен жерік асының исі келіп, сілекейі шұбырып кетті. Сол арада матацйкілін ырыладтып Садырда етеке келіп тоқтады. 

Біраз отырып еді мұздап келе жатқан денесіне,  өне бойына үсік жүгіріп кеткендей қалшылдай бастады. Қалатсынан беломор темекісіні алып тұтатпақ болып еді, зажигалкасы от аламай қойды. Мотацикілін барып тамызбақ болып еді, оны да от алдырылмай діңкесі әбден құрып кетті. Үсік жайлаған денесі тіптен мұздап кеткенін сезді. Біраз айналшақтап жүрді. Жақын маңдағы малшы ауылдарына барғысы келіп еді, бірақ қу темірін қиып кете аламды. Жолдан жүретін жүргіншілердің бір алып кетер деген күмәнді ой санасында жымың ете қалғандай болды. Айналадан біраз сиырдың тезегін жиып әкеп от жақпақшы болып қараманып еді, алайда газы қатып қалған зажигалкасы от алмай, қырсық үстіне қырсық шалып мотацйкілінің қасына барды. Қалатасын қармай бастап еді, бүкетеме кездігі қолына ілінді. Оны қолына алған соң мотацйкіл багіне былайдеп өзінше өсиет жазды. «Темірді атым деме, Шақпақты отым деме» - деп. Қоржындағы жартылығын алып, жалма – жан аузын аша салысымен, дем алмастан бырақ сылқитып тастады. Арақты ішіп болған соң, өз денесі өзі иелік ете аламай, біраз жатты. Бараздан соң денесі қатты ысығандай болып үстіндегі ішігнен тартып барлық киімін шешіп тастады, алғаш ірет анадан туғандай болып. Қардың үстінде аспанға телміріп жатып еді, айналып ұшып жүрген қарғаны көрді. Біраз уақыт қарғадын көзін алмай жатты. Ендігі бар ермегі қарға болды, бірде ғайып бола бастап еді, көз алдын қараңғылық торлап кетті. Соңғы рет демін ішіне тартып күрсініп көзін ашса дәл желке тұсында бағанғы аспанда ұшып жүрген қарға қонып отыр екен. Қайтадан қара түнек өзіне шақырды, жанарын мәңгіге қара бұлт торлап кетті.

Алыстан бақылап отырған көкшолақ сілекейі шұбырып етекке қарай далақтай жөнелді. Жерік асының исі кеңсірігін жарып барады. Қаншалықты көксесе, соншалықты аузынан сілекейі төгіліп келеді. Мәйіттің қасына келген соң, бірден кеудесін міне жөнеліп, ақсиған тістерін бірет батырып алып, тоқтай қалды. Қайталап мәйітті жеуге оқталмады. Өзінен өзі жиркендіме, адамша лоқсып барып, аспанға қарап ұлыды. Арқтың иісі, жерік асына деген құмарлығын бірден саптиғандай болды. Айналсоқтап ары- бері жүріп, қайтайланып кеп мәйітке сарып тастап, басын жерге салып, мойнақты асып ұзап кетті.

0 Пікір Кіру