Заң: Еуропарламент бір реттік пластикалық ыдыстарды қолдануға тыйым салды - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Пластикалық заттарды 2021 жылдан бастап сатуға болмайды

2021 жылдан бастап Еуроодақ елдерінде бір реттік пластикалық ыдыстарды: стақандарды, тәрелкелерді, түтіктер мен тұрмыстық заттарды пайдалануға тыйым салынады. Заңды Еуропарламент қабылдады. Бұл бастама қалдықтарды қысқартуға бағытталған. Себебі, пластика қалдықтары теңіз жағалаулары мен жағажайларға залалын тигізіп үлгерді.

Дегенмен, сусындарға арналған пластикалық қаптаманы пайдалануға тыйым салынбайды, тек Еуроодақ елдеріне мұндай бөтелке қаптамаларының 90% - ын жинауға міндеттейді. Сонымен қатар заңда 2025 жылға қарай пластикалық бөтелкелердің 25%-ы қайта өңделген материалдан, ал 2030 жылға дейін бұл жүйенің кем дегенде 30%-дан кем болмауы керектігі айтылған.

Пластикалық сүзгілер арқылы темекі өндірушілер, ылғалды сулықтар және экологияға зиян келтіруі мүмкін басқа да тауарлардың қаптамасына тиісті белгі қоюға міндеттеледі. Ал балықшылардың баулықтары пластикадан жасалған болса, балық аулау үшін олар арнайы ақы төлейтін болады.

Пластикалық заттар әлемдік мұхитта барлық қоқыстың 85%-ын құрайды. Бұл пластикалық өнімдердердің жартысына жуығы бір реттік пайдаланатын ыдыстар.

0 Пікір Кіру