Қызыл түстің қандай маңызы бар? - на weekend.bugin.kz
Кана Байузаков - на weekend.bugin.kz Кана Байузаков

Түстің адам өмірінде ерекше орын алатыны сөзсіз

Осыдан 100 мың жылғы Оңтүстік Африка Республикасы жеріндегі археологиялық зерттеулердің қорытындысына сәйкес балықшылар өз құрал-саймандарында қызыл түсті кеңінен қолданған. Сол кезеңдерде адамдар тек қара, сары, қызыл түсті ғана пайдаланумен шектелген.

Еврейлердің наныма сенсек, Адам қызыл құмнан жаралған.

Солтүстік Америка құрлығына келген отарлаушылар жергілікті халықты «қызыл үндістер» деп атаған. Себебі, үндістер денелеріне қызыл түсті көп жағып, оның себептерін біріншіден, соғыс деп аңғартса, екіншіден түрлі жәндік, шіркейлерді қорқытуға, үшіншіден, тылсым күштерден қорғаныш деп қолданған.

Ежелгі адамдар қызыл түсті оттан, күз мезгілі, қаннан көргендіктен, көп қолданыста болды. Мысалы, мұсылмандар тұратын Африканың бөлігінде кішкентай балаларды піштірген соң, арнайы қызыл одеялмен бүркесе, Замбияда қыз балаға қызыл түсті балапан берумен оны ересек өмірге қадам басқанын білдіреді.

Қытай халқы жаңа жылдық той-думандарында қызыл шырақ жағып, қызыл түсті қима қағаз суреттер ілуді қуаныштың символына балағандықтан, таным-түсініктеріне сәйкес қызыл түсін «бақыт пен жеңіске», «адалдық пен мейірімділік» секілді ұғымдармен ассоциациялайды. Бір-біріне қызыл түсті конверттер сыйлауы – сәттілікпен байланыстыруында жатыр.

Қытайда кішкентай бала ұялшақ болса, киіміне қызыл дорбаша іліп, оны батылдыққа итермелейді деген.

Жаңа Зеландияның Маори халқы денелеріне соғыс сәттерінде қызыл түсті жағуы оларды сәтсіздіктен, жеңілістен сақтайды деп сенген.

Орта ғасыр кезеңіндегі Еуропада қызыл түспен «әзәзіл» бейнеленген.

2012 жылы жарық көрген «Туризм және қонақ ісі» зерттеуінде қызыл түсті киім киетін даяшылар өзге түсті даяшылардан қарағанда 26%-ға қонақтар «рахмет» ақшаны көп қалдыратындығын дәлелдеді.

Саясатта да қызыл түс өте кеңінен қолданылады. Коммунистер, КСРО-ның туы, «қызыл террор» т.б. 2016 жылы Бразилияның солшыл партиясының президенті отставкаға кеткен соң, елде қызыл киім кигендерді ұрып кету, өлтіру кеңінен тарап кетті.

Ресми түрде қызыл түсті «қарсылық» ретінде 1293 жылы ағылшындық пираттар қолданған. Олар басып алған кемедегі заттарды заңды түрде біздікі деп тартысқан.

Франция революциясында да «қызыл түс» кеңінен танымал болды. Яғни қамалды, қаланы қоршау, билікке қарсы шығу осы түспен байланыстырылды.

Ежелгі дәуірде киім бояу үрдісі өте сирек дамыды. Дегенмен, түсін жоймайтын киімдер Америкада дәуірі жүрді. Оған себеп кактус жапырақтарын жейтін қоңыздардан түсі кетпейтін киімдер жасауға мүмкіндік берді. Испандық отарлаушы Кортес Америкаға барған сәтте қызыл киімділерге қатты тәнті болып, халқын қоңыз теруге мәжбүрлетті. Испандықтар қызы түстің құпиясын 200 жылдан астам уақыт құпияда ұстап, тек 1777 жылы ғана француз Терри де Мононвиль контрабандалық әдіспен алып шыға алды. Қазіргі сәтте де қызыл түсті бояу өте қымбат тұрады. 1 кг бояу алу үшін 150 мың қоңызды құрбандыққа шалу қажет.

Шынайы қызыл түсті алу өте қиын болғандықтан, тек аристократтар ғана қызыл түсті киімдерді кие алған. Алайда жасанды түсті игерген соң, қызыл түс айтарлықтай маңызға ие болмай қалды. Сол кезеңнен тек «Қызыл кілем» ғана президенттерге, «Оскар» жеңімпаздарына арнайы төселінеді.

«Coca-cola» компаниясының жарнамасында ғана көретін қызыл киімді аяз ата бұрын да қызыл түсті киіммен пайда болды деген сенім бар.

0 Пікір Кіру