"Қаламқас" кен орны: Нұрлыбек Жеңісбек өрттің сөнгенін мәлімдеді - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігінің ресми өкілі Нұрлыбек Жеңісбек "Қаламқас" кен орнындағы өрттің сөнгенін мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.  

"28.03.2019 сағат 01.05-те "Қаламқас" кен орнындағы № 8237 ұңғымасындағы грифонда шыққан өрт сөнді. Бүгінде газ су аралас ашық от лаулағаны тоқтап, пайда болған грифондар жабылды", - деді ол. 

Энергетика министрлігі ұсынған видео Осыған дейін, ТЖК төрағасы Владимир Беккер "Қаламқас" кен орнындағы өрт қиын сөндірілетін өрт санатына жататынын айтқан. 

"Бұл жай ғана өрт емес. Мұндайлардың артынша әр түрлі жағдайлар пайда болады. Сонымен қатар, Маңғыстау облысындағы желге байланысты, ол өз бағытын өзгертіп отырады. Мұндай өртті сөндіру үшін қажетті дайындық жұмыстары қажет", - деді ол. 

25 наурызда сағат 04.40-та №8237 апаттық ұңғымада грифон өздігінен жана бастаған. 

"Маңғыстау ауданында "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ "Қаламқас" кен орнындағы мұнай ұңғымасында 900 шаршы метр алаңда биіктігі 10 метр грифон газ су аралас ашық отпен лаулаған. Зардап шеккендер және қаза тапқандар жоқ", - ҚР ТЖ комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

0 Пікір Кіру