Махмұт Қасымбеков: Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи фено­мені бүкіл қоғамды жұмылдыра алуымен ерекшеленеді  - на weekend.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на weekend.bugin.kz Марғұлан Ақан

Мақала

Елбасының концептуалды моделінің «алты алтын ережесі» аясында оның бүкіл маңызды жетістіктері, аса ауқым­ды жұмыс­тары және жаңа жаһандық әлем­дегі қуатты әрі бәсекеге қабілетті Қазақ­стан­ды құру жөнін­дегі зор күш-жігері айқын көрінеді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің Басшысы Махмұт Қасымбековтің «Жасампаздық дәуірі» атты мақаласында жазылған.

Мақала авторының пікірінше, ұлттың шынайы ұлылығы әрдайым тәуел­сіз әрі қуатты мемлекет құру үдерісінде кө­рініс тауып келді. Тарихи қауіп-қатерлерге толы қилы кезеңдерде жетістікке жету бақыты жер бетіндегі мыңдаған этностардың аздаған бөлігіне ғана бұйырды. Бүгінде әлем бойынша екі жүздей егеменді ел бар. Со­лардың ішінде ондаған мемлекет қана гео­саяси күшке ие болып, экономикасын өркендете алды.

«Қиын-қыстау кезеңнен өткен бұл таң­дау­лы халықтар өздерінің болаттай берік болмысын қалыптастырып, күш-қуатына деген нық сенімге ие болды. Ал әрбір азаматтың тарихи маңызы зор мемлекет құру ісіне атсалысуы олардың бойында ұлттық мақтаныш сезімін ұялатып, береке мен бірлікке бастады.

Сонымен қатар әлем тарихы кез кел­ген елдің қарқынды әрі табысты дамуы ұлт көсемдерінің өз дәуіріндегі жоғары стра­тегиялық міндеттерге және мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлердің ауқымды деңгейіне барабар ерен еңбегінсіз ешқашан жүзеге аспайтынын нақты дәлелдеп берді. Тіпті олар әрдайым жаһандық даму көшбасшылары болып саналатын халықтардың барлық ма­ңызды жетістіктері мен жеңістеріндегі шешуші факторлардың бірі ретінде танылды. Сондықтан тарихтың бетбұрыс сәт­терінде биік белестерді бағындыру үшін халқын рухтандырып, болашаққа жол көр­сете алатын ұлт кемеңгерін дүниеге әкелген елдер ғана бақытты өмір кешеді», - делінген мақалада.

М.Қасымбеков «Ұлттық рухты оятып, мемлекеттілігімізді жаңғырту миссиясы қазіргі жаһандық саясат сардарларының бірі - Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісіне тиді» деп атап өтті. Оның тұғырлы тұлғасы ғасырлар бойы бақытты ұрпағымыз үшін темірқазықтай жол сілтеп тұрады.

«Тәуелсіздік таңы атқан кезде халқымыз жаңа Қазақстанның негізін қалап, қалып­тас­тыруды дәл осы азаматқа сеніп тапсырды. Уақыт осынау маңызды таңдаудың дұрыс­тығын дәлелдеді.

Оның шынайы егемендіктің негі­зін қалауға, тиімді экономиканы қалыптас­тыруға, үйлесімді қоғам құруға және ұлт тарихы­ның жаңа кезеңіндегі ел дамуының ба­сым­дықтарын анықтауға бағытталған көпқырлы қызметінің мазмұны мен мәні Қа­зақ­станның Тұңғыш Президентін қазіргі мем­лекеттігіміздің негізін қалаушы әрі ұлттың нағыз көшбасшысы ретінде мойындау үшін салмақты дәлел болады», делінген мақалада.

Махмұт Қасымбековтің пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи фено­мені ұлттың жасампаз әлеуетін үйлестіріп, әлемде «Қазақстан барысының секірісі» деген атауға ие болған жарқын болашаққа ұмтылу үшін бүкіл қоғамды жұмылдыра алуымен ерекшеленеді. 

«Нақты істерді атқаруды, барлық жүйеде орнықтылықты сақтауды, стратегиялық жос­парлау мен кезең-кезеңмен дамуды көздеген Елбасының мұндай прагматикалық ұстанымы отыз жылға жуық уақыт ішінде елі­міздің мемлекет құрып, таңғаларлық нә­тижеге қол жеткізуіне мүмкіндік берді. Қоғам­ның барлық саласындағы үздіксіз трансформация үдерісі мен маңызды әрі жүйелі реформалардың арқасында дүние жүзі «Қазақстанның кереметі» жөнінде айта бастады. Әрине мұны жасаған да, авторы да - Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгінде мемлекеттік басқару мен көш­бас­шылықтың халықаралық теориясында ұлт­тық жаңғыру мен эволюциялық өзге­ріс­тер­дің жаңа әрі табысты үлгісі жасалды деп нық сеніммен айта аламыз. Бұлар­ды ауқымдылығы жағынан Жапонияда Мэй­дзи­дің, Түркияда Ататүріктің, АҚШ-та Франклин Рузвельттің, Германияда Людвиг Эрхард­тың, Сингапурда Ли Куан Юдің, Қытайда Дэн Сяопиннің реформаларымен салыстыруға болады», - дейді ол.

Көптеген беделді сарапшылардың пікірі бойынша Қазақстанның Тұңғыш Президенті өз халқының өсіп-өркендеуі және игілігі үшін қалтқысыз қызметімен, саяси көрегендігімен және бірегей стратегиялық ойлау жүйесіндегі айқын талантымен ерекшеленген әлемнің аса көрнекті мемлекет қайраткерлерінің қатарына кіреді.

«Ұлы дала сан ғасырлық ұйқыдан оянып, қайтадан жүздеген жыл бұрынғыдай әлемдік дамудың алдыңғы сапына шығуға ұмтылған кезде саяси көшбасшылықтың осындай сапасы мен тиімді стилі ғасырлар тоғысында аса қажет еді.

Шынайы көшбасшылар бүгінгі күнмен өмір сүрмейді және конъюнктуралық категориялар тұрғысынан ойламайды. Уинстон Черчилльдің саясаткерлер келесі сайлау туралы, ал мемлекет қайраткерлері келешек ұрпақ жөнінде толғанады деген ұлағатты сөзі бар. Нұрсұлтан Назарбаев күрделі де қиын жағдайларда үнемі батыл қимылдап, нақты шешім қабылдады. Жауапкершілікті өзіне алып, ұлттық стратегиялық жоспарлау ісінің көкжиегін үздіксіз кеңейтті», - деп атап өтеді мақала авторы. 

Оның айтуынша, осы жылдары Елбасы мемлекет құрылысының күрделі міндеттерін шешудің оңтайлы жолдарын табу үшін қарқынды әрі зияткерлік тұрғыдан үздіксіз ізденісте болды. Соның нәтижесінде өзекті ойлар мен мазмұнды мәтіндер, перспективті жобалар мен идеялар, өмірге қажетті бастамалар мен бағдарламалар дүниеге келді. Олар тәуелсіз Қазақстанның дәйекті дамуы және орнықты ілгерілеуі үшін сенімді негіз қалады. 

«Н.Назарбаевтың инновациялық фор­мулалары мен бірегей жаңғыру логикасы­ның доктринасы алты негізгі бағытпен - оның саясатының жүйе құраушы діңгектерімен сәйкес келеді. Бұлар егеменді мемлекеттің және ұлттың жылдам қалыптасу үдерісінде ішкі тепе-теңдік пен белгілі бір қарқынды қам­тамасыз етеді», делінген мақалада. 

lenta.inform.kz

0 Пікір Кіру