«Реал» басшылығы Бэйлды сатуды ұйғарды - на weekend.bugin.kz
Жандарбек Жумагулов - на weekend.bugin.kz Жандарбек Жумагулов

Жақын арада клуб басшылығы Бэйлдың агентіне хабарласып, оған өзіне жаңа клуб іздей беруін ескертеді

Мадридтік «Реал» басшылығы шабуылшы Гарет Бэйлды сатуды ұйғарды, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

AS ақпаратына сүйенсек, корольдік клубтың президенті Флорентино Перес Бэйлды сатып, одан түскен қаражатқа жаңа әрі жас ойыншыларды алуды жоспарлап отырған көрінеді. Сондай-ақ басылымның айтуынша, жақын арада клуб басшылығы Бэйлдың агентіне хабарласып, оған өзіне жаңа клуб іздей беруін ескертеді.

Айта кетейік, 30 жастағы футболшыға «Манчестер Юнайтед» пен «Бавария» клубтары қызығушылық танытып отыр. Бэйл корольдік клуб сапында 6 маусымда 224 ойынға қатысып, 102 гол соқты.

0 Пікір Кіру