Димаш Ресейдің эстрада жұлдыздарымен бірге өнер көрсетеді - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Алла Пугачеваға арналған кеш

Димаш Құдайберген 8 сәуірде Мәскеуде өтетін Алла Пугачеваға арналған шығармашылық кеште өнер көрсетеді. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады. 

"Алла Борисовна Пугачеваның шығармашылық кешінде кездескенше", - деп жазған Димаш Құдайберген. 

Концерт Алла Пугачеваның 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып жатыр. "Подарок для Аллы" концерті 8 сәуірде Мәскеудегі Крокус Сити Холлда өтеді. Кеш жүргізушісі Максим Галкин, сонымен қатар бұл концертте Димаштан бөлек басқа да Ресейдің танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

0 Пікір Кіру