Туған ағайындылар арасындағы өшпенділіктен туындаған екі әлемдік бренд жайлы не білеміз? - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Adidas пен Puma брендтері нарыққа қалай келді?

Халық көбіне танымал брендтердің затын тұтынғанымен, оның шығу тарихына үңілмейді. Мысалы, мәңгілік бәсекелес Adidas пен Puma брендтерінің нарыққа шығуы - достық пен туыстықтан басталған. Танымал маркалардың пайда болуы нацистік Германияда бастау алды. Екі бренд туған ағайындылардың ерік-жігері мен сарқылмас күшінің арқасында  әлемдік нарыққа шықты. Дегенмен ағайынды Адольф пен Рудольф әлемді мойындатқан ең танымал марка ойлап тапқанымен, өзара ортақ тіл табыса алмады. Ендеше ағайындылардың өзара араз болуына не себеп болды? 

Достық және ортақ іс

Рудольф пен Адольф Дасслер Германиядағы кішкентай Херцогенаурах қаласында (Herzogenaurach) туып-өсті және бала кездерінен спортқа құмар болды. Туған бауырлар арасында айтарлықтай жас айырмашылығы болған жоқ. Адольф ағасынан небәрі 2 жасқа кіші болды. Бала кездерінен түрлі сайыстарда бақ сынасып, әсіресе, футбол десе ішкен асын жерге қоятын.

Бала кездеріндегі араманы оларды адастырмады. 1920 жылы ағайындыларға спорттық аяқ киім жасау туралы ой келеді. Бұл уақытта Бірінші дүниежүзілік соғыс енді аяқталған еді. Сондықтан оларға адамдар тұтынатын қажетті дүние жасап шығару керек болды. Небәрі 20 жастағы ағайындылар спорттық аяқ киім, сонымен қатар соғыстан оралған ардагерлер үшін ыңғайлы аяқ киім ойлап табады.  

1924 жылы олар "ағайынды Дасслер аяқ киім фабрикасын" ашты және осы кезде Адольф ерекше жоспар ойлап табады. Олар аяқ-киімді өздерінің таныс ұсталарына тіктірді. Ұста арнайы ши жасап, оларды табанға бекітіп, неге дәл осындай кроссовкалар қажет екенін сұрайды. Ағайындылар тез жүгіруге мүмкіндік бере отырып, жерге жақсы тізбектеледі деп түсіндіреді.

Осы кезде Адольф пен Рудольф өзара міндеттерді бөліседі. Адольф техникалық бөлімін қолға алды. Ол халыққа қандай тауар ұсынуға болатанын қарастырып, аяқ-киімнің арнайы модельдерін жасады. Ал Рудольф менеджер ролін атқарды. Ол тұтынушыларға Дасслер аяқ киімінің неге қажет екенін түсіндірумен айналысты. 

1928 жылы Амстердамда өткен Олимпиада ойынында бірнеше жүгіруші Адольф пен Рудольфтің аяқ киімдерінде өнер көрсетті, ал 1936 жылы Берлиндегі Олимпиада ойындарында - американдық жүгіруші Джесси Оуэнс "ағайынды Драсслердің" кроссовкасымен жүгіріп, төрт алтын медальді қанжығасына байлайды. Осыдан бастап ағайындылардың беделі арта түсті.

Жанжал және алшақтық

Үшінші Рейхтың билігі ағайындарға үлкен өзгеріс әкелді. Екеуі де өз ұлтына адал болды. Сондықтан олар сол уақытта бастау алған соғыс кезінде солдаттардың қажеттіліктері үшін аяқ киім шығаруға тура келді. Сонымен қатар Рудольф та жалпы мобилизацияға түсіп, майданға аттанады. 1945 жылы ол Қызыл әскерден қаша алмай, қамауға алынып, концлагерге жіберіледі.

Көп ұзамай Рудольф басқа әскери тұтқындармен бірге түрмеден босатылды. Бірақ қысқа мерізім ішінде ол қайтадан түрмеге түседі. Осы кезде Рудольфтан жауап алу кезінде оны туған ағасы үшін тұтқындағанын айтады. Өзге елде қалмас үшін, ол американдық билікке үшінші рейхке арналған аяқ киім өндіру идеясы Адольфқа тиесілі екенін айтады.

Нәтижесінде Дасслерлердің отбасылық үйін американдық солдаттар жаулап алады, ал фабриканы АҚШ-қа жіберуге арналған хоккей конькилерін шығаруға міндеттеді.

1948 жылы спорттық аяқ киім өндірісі қайтадан қолға алынады, дегенмен сол жылы ағайындардың әкесі Кристоф Дасслер қайтыс болады. Осыдан кейін олар компанияны бөлу үшін түрлі әрекет жасайды. Сөйтіп шағын қалашықта Addas және Ruda деп аталатын екі аяқ киім фабрикасы пайда болады. Бірақ фабрика иелері бір-бірін жек көріп, іштегі өшпенділік өрши берді. Біраз уақыттан кейін Рудольф компанияны Puma деп атады, ал Адольф бір әріпті оның қысқартылған есімімен байланысты болуы үшін — Ади деп атайды.

Өшпенділік неден туындады?

Тұрғындар өз талғамдарына сәйкес аяқ-киім таңдай отырып, ағайындыларды бір — бірімен әлемдік деңгейде бәсекелесуге мәжбүр етті.

Екі компанияның табысы тең болды, алайда Adidas Puma-ға қарағанда танымалырақ болды және Ади Дасслер инновациялық аяқ киім ойлап, спорт тарихында айтарлықтай орын қалдырды. Мысалы, 1954 жылы өткен әлем чемпионатында Германия командасы қулықтың арқасында жеңіске жетті. Екінші таймда Адольф футболшылардың аяқ киімін ұзын бутстерге ауыстырды, бұл стадионның сулы жамылғысындағы ойын кезінде маневр жасауда артықшылық берді. Сөйтіп, бұл матч "Берн кереметі"деп аталды.

Ағайындар жарнамалық орындар үшін күресіп, әлемнің үздік спорт командаларына спорттық форма тігуде таласып, тіпті бір-біріне қарсы сот талап-арыздарын да берді.

ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында Рудольф пен Адольфтің— Армин мен Хорст атты ұлдарының күресі басталды. Отбасы арасындағы араздыққа қарамастан, олар жарнама нарығы қызметтерінің бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін әлемнің үздік футболшысы — Пелемен келісімшартқа қол қоймауға уағдаластық жасайды. Бірақ Puma берген уәдесінде тұрмады. Ол Пелемен келісімшартқа отырып, Оңтүстік Америкада Puma үлкен жарнамалық науқанға ие болды. Пеле матчқа осы фабриканың аяқ-киімімен ойын көрсетеді. Осы сәтте бүкіл әлем футбол патшасы Puma аяқ киімін көрді.

Бұл оқиғадан кейін отбасылар арасында дұшпандық нығая түсті.

Рудольф Дасслер 1974 жылы өкпе обырынан қайтыс болды. Ал Адольф 1978 жылы көз жұмды. 70-ші жылдары ел арасында ағайындылар бір-бірімен жасырын кездесіп тұратын деген қауесет тарайды. Алайда Ади ағасының жерлеуіне келмеді. Ағасының қызметкерімен телефон арқылы сөйлескенде ол Рудольфті кешіретінін айтқан.

Ең танымал екі компанияның негізін қалаушылардың өлімінен кейін туыстар арасында отбасылық қарсылық тоқтаған жоқ. Дегенмен, содан кейін Адольф Дасслердің мұрагерлері компанияны сатып жібереді.

Бәсекелестік қалды, бірақ отбасына мұның ешқандай байланысы жоқ.

Көпшілік бауырлар арасындағы жанжалдың шынайы себебі құпия болып қалды деп айтады.

0 Пікір Кіру