Бүгін ауа райы қандай болады? - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Ауа райы болжамы

"Қазгидромет" 25 наурызға арналған синоптикалық жағдай мен ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды. 

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, тек республиканың солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.; Қостанай облысында желдің екпіні секундына 23 метр болады; Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі; Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, секундына 15-20 метр жел соғады; Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады; Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі; Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

0 Пікір Кіру