Тіршілік - на weekend.bugin.kz
Нұрғайып Хавсаметұлы - на weekend.bugin.kz Нұрғайып Хавсаметұлы

Әңгіме

– Жезде мына меңіреу жазық далада қалай өмір сүріп жатырсыздар? Не ағынды суы жоқ? Не асқаралы құзар шыңы жоқ? Қыбыр еткен аңы мен құсы жоқ, ит байласа тоқтамайтын қу медиен тақырда. Тіпті күннің қай тұстан атып қай тұстан бататынын да білмейді екенсің. Төңкерген қазанның түбі сияқты екен бұл мекендеріңіз!

– Ә, балдыз бұл даланың байлығын теріп, сенің әпкеңмен ана жиендеріңді ешкімнің қолына қаратпай, ел қатарлы өмір сүріп келеміз. Алғаш көшіп келгенде бізде сен сияқты ойлап, туған жерге көшіп кеткіміз келген. Ең бір жүрекке жұбаныш болғаны, қазақ елінің тәуелсіз ел екендігі жанға медет, көңілге медеу сыйлап, бір қауым ел осында тұрақтап қалғанбыз. Әлі-ақ сенде осы араның бір тұрғыны болып шыға келесің, азаматтығыңды алаған соң.

– Әй қайдам, бұл араға мен жерсініп үйреніскенше ешкінің мүйізі көке, түйенің құйрығы жерге жетер.

– О, мынаның жаманның сөзін қара, «өзі теңелмей, сөзінің тегеленін» байқай алмай қапыз ғой Назира, бауырың келмей жатып танауын көке шүйіреді.  Бүгін ана танауын жер искетіп әкелмесем Құмар атым өшсін..

Балдызы мен жездесі жарасымды әзілдерімен бір-бірін сөз бен қағып таңғы астарын ішіп отыр.

...Жездесінің бұл даланың байлығын теріп жан бағып келеміз деген сөзі жанына сәл ғана медет болды ма, алдындағы шайын жайдарлы рай танытып сораптап бір жұтып қойды. Бір жағынан биылғы оқу жылынан қалып қойды, не де болса бір қыс жездесіне қол ғабыс тигізе жүріп біраз қаржының басын құрап алмақ ой барын өткен аптада келгененде айтқан болатын... 

***

Күздің ызғары білініп, шөптің басын болар болмас шық басыпты. Күнің көзіне шағылысып күмістей жылтылдайды. Қолындағы қысқа ломын жерге қадап қойып, жердің бетінің дегдігенін күткісі келді. Қаншама бригадамен жайлауды аралап мардымды ештеңе таппай отырғаны. Жер дегдісе болды егістіктің басынан өрт қойып, өртенген жерге жайылып көрмекші. Мүмкін бүгін несібесіне жетер қазына табылып қалар. Кешеден бері  ырылдатып жүргенде карбиратырына қоқ тұрды ма газды тұншықтырып басса да түшкіріп-пысқырып түк дауысы дұрысталмай-ақ қойды. Енді сол отырған «ИИЖ-412-нің» кеудесінде, анасын бір қарап мынасын бір қарап.  Бірақ өзінің текнихадан білері де шамалы. Қасындағы Асанға қарап қояды, бірдеңе қолыңнан келеді ме дегендей. Асанда басын қасып қолымнан келмейді дегендей, кеберсіген ерінін тілімен жалап қойып тұра берді. 

Әу, досым былшықтаймын деп қылшықтап аларсың, ауыл біршама алыс қалды, алыса берме, осы күніне зәр болсақ далада қаламыз, мына елсіз мекенде – деп Асан өзі ойын айтты. Расымен де бүлдіріп алармын деді ме машинасының копотын қайтадан жауып қойды. 

– Жерде дегдіп күнің көзі де шағырайып алыпты. 

– Айтпа жолдас, осы тұстан от қойып тастап, өзіміз бригада орнына барып металл детекторын салып келейік. Осы ақылыма қалай қарайсың өзің? 

Басын мойнына қарай тығып күрегі мен ломын багажіне салып, машинасының көк түтінін шұбатып бір топ терекке қарай жылсып кетті. Асан дәл бір мылтығын оқтаған адамдай металл детекторының тереңдігімен таяздығын тарылтып әрбір ағаштың түбін тіміскілеп, қолындағысын шиқылдата жөнелді. Жәдігер енесіне ерген құлындай, Асан қайда барса соның артынан салпаңдап жүргені. Кейде айдалада жүрсе де адам көзінен жасқанғандай ұрлана шылымдарымен насыбайларын атып, бір сәтке болса өмірге нарызы адамдардай кейи қалып, кейде өмір жайлы пәлсапалық ой ақтарып өз-өздерін жұбататын.

Асан өрт қойған жақтарына бір қарап қойып, «Жәдігерге мына белгілеген жерді қаза бер мен ананың бет алысын байқайын» – деп, жүріп кетті. Қаншама жерді аяғымен айқыш-ұйқыш қып сызған жерлерінен екі балқаймақтың қалбыры, бір пятка тапты Жәдігер. Алғаш келген кезде, мына меңіреу даланы сынап, мінеп, жездесін сөзімен жеп кететіндей болып еді ғой. Өткенге көз жібертіп қараса содан бері сегіз жыл сынаптай сырғып өте шыққаны байқалмай қалыпты. Менсінбеген даланың қазіргі таңда ойы мен қырын, қай жерде қандай ескі елді мекен барын жатқа біледі. Тіпті ана Омбыға дейін сан мәрте темір іздеп барып, шекарашылардан әзер құтылғаны күні кеше сияқты. Оның өзіне үш жыл болыпты. Көксау көк москвичімен әр күні темірге шықан сайын байлыққа белшемнен батамын деген соқыр үмітке алданып, ту баста атамекенге келгенде оқу оқимын деген үміті болатын. Арқаның жазығымен свалкасын қазамын деп келмеп еді. Бастапқы мақсатынан жырақтап қалғанын күн өткен сайын сезіп жүр кейінгі уақытта. 

Тым ұзақ ойланып кетті ме Асанның «қаштық» деген сөзін естімегені соншалықты, иығынан жұлқымаса меңірейіп отыра беретін түрі бар. «Сасқанынан неден қашамын» -  деп, Асанның бетіне бедірейе қарады. 

– Ой ана мент әкеңнің жазықтың өртенгенін сезіп келе жатыр, енді не істейміз?

– Жүр кеттік онда көлікке.

Екеуі бір аттап, екі аттап  жетіп болғанша нивамен олар да сәл алыста тұрған көліктің қасына барып тоқтады. Екеуіде қипақтай-қипақтай, торғыншылардың маңына барды. Біреуі келіп өзін таныстырып жатыр, мен мойор Вакитов деп. Бірден құжаттарын сұрап тегреу жұмсын бастап кетті. Жәдігер Асанға қарайды. Асан Жәдігерге не істейміз дегендей иегін изеді.

Бірі көлікті штраф стоянкаға әкетеміз десе, бірі бұл екеуі пісіп тұрған жем ғой деп мазақтай күледі. Жәдігер екі ментке қарап түрін сыр білдірмей сендерден құтылар жолды таптым дегендей.

– Даланы кім өртегенін білмеймін. Біз мына Теректінің бригадасынан көміліп қалған темірлерді қазып алып жүрміз. Күні бойы осылай жүргенде табатыным үш мың теңге. Мына итаяққа мың теңгесіне бензин құямын. Мына азаматқа еңбегі үшін мың теңгесін берем. Ар жағында менде қалатын теңгенің қанша екенін өздерің біліп тұрсыңдар. Асылан сен ана көліктің аккумуляторын шешіп ал. Мен артқы екі дөңгелегін алайын. Бұларды мыналарға беріп жіберсек екі апта тегін жұмсы істейміз ана Бақытқа деп түйіле үн қатты. Бұл әңгімені естігесін іштей жан ашыды ма.. 

– «Мына Теректі ауылынан бір отар қой жоғалыпты, біз соны іздеп шыққан ішкі істер бөлімінің жігітеріміз. Сендерді көрген соң ұрылардың үстіне түстік қой деп келгембіз. Ал тез кетіп қалыңдар. Тіпті машиналарыңның документі тұрғыр өз документтеріңде дұрыс емес екен. Мына жолмен ойға қарай кетіп қалыңдар. Жазық толған «Еңбекшілдер ауданының гайлері жүр» – деп шын жаңашырлық таныты, жөнімізге қоя берді.

Расында Жәдігерде өз атын растайтын докуметтен тек он жылдық аттестаты ғана болған. Азаматтық аламын деп бес жыл бұрын документін тиісті мекемелерге тапсырып, содан бері күтумен келе жатыр. Ал кейбір жанасқыш жандарға таяп кетсе олар қалтасындағы барын қағып алып, бір–екі айда бітіріп берем деп бос уәдеге тойдырып қоятын...

Көліктерін тамызып алып, Қырыққұдық ауылына құтырғаннан құтылған деп зытып берді. Екеуі бүгін бекер-ақ темірге шықтық деп өкініп бір-біріне қарап қояды. Таңертең Батырдың әкесінің темір артпаппыз дейді. Ол қарияның темірін артудың өзі әуресі көп дүние болғандықтан, темір теріп бір айлық отбасыларының керегіне қаржы тауып алғысы келіп еді. О, да болмады. Үйлеріне барса свет пен телефон ақшасын беру керек екені естеріне түсіп қынжылып келе жатыр.

***

Жездесі далада машинасын оталдырып сыртта Жәдігерді күтіп тұр. Бағыттары Ақсу кетінің свалкасы. Ол жақтан завоттардың шығарып тастаған темір шарларын (құймаларын) теріп келмекші. Зулатып отырып жирма бес шақырмы жердегі мусор полигонына жұмыстарынан қалардай болып келіп кірді. Олардан бұрын да адамдар толып алыпты. Барлығы базар аралап жүргендей әр үйілген топырақтарды аударып төңкеріп жатқандары. Сырттан қараған жанға, бұл арада адамдар емес, адам тектес «кісікиіктер» жүр деген ойға қалары сөзсіз. Әр қайсысы белінен асырып шұқанақ қазып әрбір табылған темір сынығы мен темір шарына масаттана қарайды. 

Жездесі мен Жәдігер бір үлкен шарға барып, сүйек кемірген иттей болып екеуі екі жағынан зілбалғамен төпештей бастады. Жездесіне қарап қояды мұрыны пышылдап, маңдайынан аққан тер сорпа болып көз жанарын ашытып әкетіп барады. Сенің айтқан байлығың осы ма дегендей жездесіне қарайды. Жезедесі бұл жұмысқа әбден шынығып алғаны көрініп тұр. Ұрған сайын шарды кеміріп кішірейте берді. Жәдігер бес-алты рет соқасын, жезедесі дайындаған темір қалдықтарын машинаға тасу жұмысын меншіктеп алды...

Мұндағы адамдардың барлығы да, тіршілік үшін жер қазып жүргенін түсінді.

10.09.18 


0 Пікір Кіру