Димаш Құдайберген: Балаларды бай болуға үйретпеңіз - на weekend.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на weekend.bugin.kz Марғұлан Ақан

Стив Джобстың сөзін келтірген

Танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram желісінде өсіп келе жатқан ұрпақты қалай тәрбиелеу керектігіне арналған шағын жазба қалдырды.  

Ол Стив Джобстың дәйексөзін келтірді: "Балаларды бай болуға үйретпеңіз. Бақытты болуға үйретіңіз. Олар өскен кезде заттың бағасын емес, құндылығын білетін болады". "Мен шын мәнінде сіздердің алдарыңызда сахнада тұрғанда қуанамын", - деді орындаушы.

Келесі жазбасында әнші Қазақстанда болатын жеке концертіне билет сатылымы 18 наурызда басталатынын хабарлады. Айта кетейік, концерт 29 маусымда Астанада өтеді.
0 Пікір Кіру