Ең алғаш қаржы пирамидасын құрған адам - на weekend.bugin.kz
Гүлмира - на weekend.bugin.kz Гүлмира

Сергей Мавроди кім?

Сергей Мавроди – ресейлік кәсіпкер, тарихтағы ірі Ресей қаржы пирамидасы болып саналатын MMM акционерлік қоғамының негізін қалаушы. 2000 жылдардың екінші жартысында Сергей Пантелеевич әдебиетке қызығушылық танытып, фильмдерге сценарий жазған болатын.

Сергей 1955 жылы Мәскеуде Валентина Федоровна мен кәсіпорындағы экономист Пантелей Андреевичтің отбасында дүниеге келді. Жаңа туған нәрестеге  туа біткен жүрек ауруы диагнозы қойылды және ата-анасы баланы көп өмір сүре алмайды деп ойлады. Алайда балақай оқуға барды. Оған қоса Сережа феноменальды жады қуатын көрсетіп, тез және дәл ақпарат жинады. Мавроди ғылымдарға бейім, физика мен математика бойынша олимпиадада бірнеше мәрте жеңіске жетті. Ол орта мектебімен қатар, Пречистенкадағы В.Серов атындағы балалар өнер мектебін бітіріп, самбодан табысқа қол жеткізді. Абсолютті салмақ санатында Мәскеу чемпионы атанды.

Сергей Мавроди Мәскеу электронды есептеу институтында «Қолданбалы математика» факультетіне оқуға түсті. Жас  жігіт дәрістерге сирек қатысты әрі оқуға деген қызығушылығын тез жоғалтып, кейінірек оқудан шығарылды.

Қаржылық пирамида «МММ»ді құруы жайлы

Сергей Мавроди 1989 жылы ондаған коммерциялық құрылымды қамтитын МММ кооперативін ашты. Компанияның негізін қалаушылар Сергей Мавроди, ағасы Вячеслав және  Ольга Мельникова болды. Кооперативтің атауы құрылтайшылардың тегтерінің алғашқы әріптерін қамтыды,яғни "МММ". Фирмалардың ішіндегі ең табысты және танымал болып MMM акционерлік компаниясы танылды және де тарихтағы ең ірі Ресей қаржы пирамидасы болды. Компанияның қызметіне 15 миллион адам қатысты.

90-жылдардың басында "MMM" бағалы қағаздары нарыққа шығып, алты айдың ішінде әр акцияның құны 127 есе өсті. Бұл үлкен жарнама арқасында пайда болған нәтиже болды. Ең қызығы Мавроди өзінің жеке компаниясын телефон арқылы басқарды.

Көп кешікпей Сергей салық төлеуден жалтару күдігімен ұсталды, бірақ екі айдан кейін босатылды. Болашақта осындай жағдайдан аулақ болуды қалайтын Мавроди Мемлекеттік Думаның депутаты болды. Сайлауда жеңіске жеткен бизнесмен ешқашан Дума отырысында қатыспады. Бірақ Мавроди парламентарийдің қаржылық артықшылықтарын да пайдаланбады. Ол жалақы алмады, ресми автокөлікті, пәтерді және коттеджді пайдаланған жоқ.

1996 жылы басқа депутаттардың бірауыздан шешімі бойынша Мавроди мандатынан айырылды, содан кейін кәсіпкерге қатысты тергеу қайта басталды. Тек сол кезде ғана алаяқтығы мойындалды. «МММ» банкрот деп танылды, оған қоса компания приздентінің  аты-жөні халықаралық іздеуге де жіберілді.

Тіпті Интерпол интернетте «Фирмалық генератор» қаржы пирамидасын жаңадан құрып, оны кездейсоқ ойын ретінде ойластырған Мавродиді тоқтата алмады. Енді еуропалықтар мен американдықтар кәсіпкердің қызметінен зардап шекті. Қылмысы әшкере болғаннан кейін де бизнесмен 8 жыл жасырынып жүрді. Кейіннен Мавроди өзінің жеке қауіпсіздік қызметі болғанын мойындады.

Мавродиді қамауға алғаннан кейін оған тағылған айып 610 томды құрады. Ал салымшыларға келтірілген зиян 110 млн долларға бағаланған. Алайда тәуелсіз сарапшылар бұл көрсеткішті төмен деп санайды. Зақым миллиардтан кем болмады, тіпті бірнеше ондаған миллиард доллар болды деп түйіндейді олар. Өзіне берілген жазаны өтеп шыққан Сергей  «МММ-2011» жаңа пирамидасын құрды, содан кейін «МММ-2012» (тез арада банкротқа ұшырады).

2018 жылдың 26 наурызында БАҚ өкілдері Сергей Мавроди қайтыс болғаны туралы хабарлады. Соңғы ақпарат бойынша, Сергей Пантелеевич таңертең  жүрек-қан тамыры ауруынан қайтыс болды. Автобус аялдамасында жағдайы нашарлап, жолаушылар жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған.

0 Пікір Кіру