Астананы су басу қаупі бар ма? - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Астанаға жақын жерлерде су жиналу көлемі жоғары

«Қазгидромет» РМК су тасқыны бойынша Астанадағы көктемгі ахуалды сипаттап берді.

Мекеме басшысы Марат Кынатовтың айтуынша, бүгінде елордаға жақын жерлерде судың жиналу көлемі жоғары. Тіпті, екі жыл бұрынғы көрсеткіштен де көп.

«Бірақ Астананың су қоймасы 60 пайызға ғана толып тұр. Шамамен, әлі 170 миллион куб метр су сыяды. Бұдан бөлек, қаланың контрреттеушісі бос. Сондықтан Астананы су басу қаупі төмен деуге болады», - деді М.Кынатов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгін «Қазгидромет» РМК еліміздегі көктемгі су тасқынына қатысты болжамды жариялады. Мекеме басшысы Марат Кынатовтың айтуынша, бүгінде бірқатар облыстарда су көлемі артығымен жиналып қалды.

Ал ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильиннің айтуынша, жергіліктіт әкімдер су тасқынына дұрыс дайындалмайды.

Inform.kz

0 Пікір Кіру