Тұман түсіп, көктайғақ болады: 13 наурызға арналған ауа райы болжамы - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Ауа райы құбылмалы болады

"Казгидромет" РМК өкілдерінің мәліметінше, бүгін кей жерлерде ауа райы құбылмалы болады. 

13 наурызда Қазақстанның батысында, солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Ақмола, Костанай облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-22 м/с жел соғады. Алматы облысында тұман түседі, Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні 17-22 м/с-ке дейін күшейеді.

Атырау, Ақтөбе облыстарында да тұман түсіп, жел күшейеді. Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында тұман түседі. Маңғыстау облысында 15-20 м/с жел соғады.

Ауа температурасының жоғарылауына, қардың жіті еруіне және жауын-шашынның түсуіне байланысты Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердің деңгейі көтеріледі. Қызылорда облысында тұманға байланысты, Маңғыстау облысында желдің күшеюіне байланысты, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын, тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.

0 Пікір Кіру