«Қасқыр» сөзінің түбі қайдан келді?  - на weekend.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на weekend.bugin.kz Марғұлан Ақан

Зерттеу еңбек

Кез келген елдің тілі және оның шығу тегі сол халықтың өмір сүрген жасын анықтауға және мәдениетін танытуға көмектеседі. Осы бетте Олжас Сүлейменовтың "Атамзаманғы түркілер" (ежелгі түркі тілдері мен жазуының пайда болуы хақында) атты кітабына үңілдік. Үлкен зерттеумен жазылған еңбектің ішінде "Көкбөрілер ғасыры" этюдтер атты бөлімінде былай дейді: 

Ататүріктердің арғы үндіеуропалықтармен мәдени одақта болған кездерін үндіеуропалықтардың жыртқыштарды, ең алдымен, түркілер дәріптеген қасқырды қалай атағандары дәлелдейді. Ит пен Қасқырдың культі генеалогиялық аңыздарда бейнеленген. Бір түркілер өздерін Иттен таратады, ал басқалары – Қасқырдан таратады. Қасиетті «ататегін» қастерлеу кейбір үндіеуропалық этностарға да көшкен тәрізді. Олар қасқырдың түркі атауын қабылдаған.

Сірә, ең алғашқы атаулардың бірі жалпы түркі ul – «вой» деген естістік-есімнен шыққан тәрізді. Оғыз-қарлұқ нұсқасы: ulyk – 1) «воющий», 2) «великий». (албан тілінде ulk – «волк» сақталған)

Бұл сөзді түркілер термин ретінде қазір тек екінші мағынасында және жағдайға қарай бірінші мағынасында қолданады. Қыпшақ тілдерінде uly – «великий» (қазақша) түрінде қабылданған. Қыпшақ тілінде жасалған сөз *u l ъa, *ulpa, *ulma болуға тиіс. Ол арғы роман ортасына тап болған. Ататүркі диалектілерінің екі формасы да үндіеуропалық тілдерге, негізінен ашық буынды күйінде енген, сөйтіп былайша жаңғырған:

І. ulyk > wulyk > vulkъ, volkъ > vorkъ; ulyk > ulk > luk. Салыстырыңыз: λυχος – «волк» (грекше);

ІІ. Германдық wolp (wolf) – «волк» славян тіліндегіден жалғауымен ерекшеленеді. Ол былайша айтқанда жұрнақтың қалдығы болып табылады: *ulpa > *wulpa, *wulp. Герман тілінде ақырғы дауысты дыбыстың жоғаулы заңды түрде болып тұрады.

Латын тілінде *wulpa ит тұқымдастардағы басқа бір жыртықша берілген: wulpa – «лиса». Жұрақтың дауысты дыбыс жалғауы ана тектің (ж.р.) жалғауы деп қабылданған, сөйтіп жалған түбір *wulp шыққан, одан ата тек (м.р.) формасы wulups – «лиса» пайда болған.

Дәл осындай манипуляция «тектік жалғаумен» қосарлас дамыған формада болған, ол латын тіліне бастапқы буын ауыз жолдының метатезасымен ашылған тілден тап болған: *ulpa > lupa – «волчица» (латынша). Сондай-ақ, қайта ыдырау нәтижесінде *lup деген жалғын негіз шығып отырған. Одан ата тек формасы шығарылған: lupus – «волк». (салыстырыңыз: литвалықша lape – «лиса».)

Сонымен, қыпшақ үлгісімен жасалған есім қасқыр мен түлкінің латындық атауларының негізі болып шыққан:

*ulpa: 

lupa – 1) «*волк», 2) «волчица»,    

wulpa – 1) «*волк», 2) «лиса».

Латындықтар *ulpa есімін өздері айта алмаған болар еді, негізі ululo – «выть» (лат.) ола тұрғанымен, бірақ та есім жасау үлгісі «императив+ ma (ba, pa)» латын тілінде болмаған.

Сөздіктерде сұр жыртықштың атауының генезисін басқаша түсіндіреді: «Волк. Бастапқы мағынасы «растерзывающий». Бұған – волоку сөзін қосуға болады». Талдау мынаны көрсетеді: бастапқы мағынасы: «воющий», сонан соң барып – «великий» болған.  

0 Пікір Кіру