"100 тонна өлі балық " Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп? - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Сапархан Омаров түсініктеме берді

Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылу фактісіне байланысты комиссия құрылды. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлайды. 

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Атырау облысындағы Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылу фактісіне қатысты түсініктеме берді.

Министрдің айтуынша, қазір алдын ала бағалау бойынша үш тоннадай өлі балық су бетіне қалқып шыққан. Бұл желтоқсан айында қырылған балықтар. Сол кезде уланған балықтар қазір су бетіне қалқып шыққан. Ал қазір балықтың қырылып жатпағанын айтады. 

Ведомство басшысы балықтардың жаппай қырылу себебін арнайы құрылған комиссия анықтап жатқанын хабарлады.

"Комиссияның ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысы жоқ. Балықтардың қырылуына не себеп болғанын комиссия айтады, біз сіздерге жеткіземіз", - деді Сапархан Омаров.

Сапархан Омаров кінәлілер комиссия жұмысының нәтижелері бойынша анықталатынын атап өтті.

Айта кетсек, бұған дейін Жайық өзенінде мың тоннадан аса өлі балық жиналғаны хабарланған еді.

0 Пікір Кіру