Наурыздағы 5 күндік демалыста ауа райы қандай болады? - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Мейрам күдері

Синоптиктер наурыздың 21-25 күндері Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты.

Алматы.тв мәліметінше, бейсенбі, 21 наурызда ауа температурасы күндіз + 6, түнде + 4 градус болады. Күндіз жаңбыр жаууы ықтимал. 

Жұма, 22 наурызда жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз +8, түнде + 6.

Сенбі, 23 наурыз, күн шуақты. Күндіз +10, түнде + 6. Жексенбі, 24 наурыз, жаңбыр жауады.

Күндіз +8, түнде + 6. Дүйсенбі, 25 наурызда жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз +8, түнде + 4.

Еске салайық, Наурыз мейрамына байланысты қазақстандықтар бес күн демалады. 21-23 наурыз аралығы ресми мейрам саналады. Биыл 23 наурыз сенбіге түскендіктен, демалыс күні 25 наурыз дүйсенбіге ауысады. Осылайша, қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында демалады.

0 Пікір Кіру