Алматыда ер адам үш бүлдіршінді өлімнен аман алып қалды - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Алматы

Алматыда жанып жатқан екі қабатты жатақхананың жанынан өтіп келе жатқан ер адам үш баланы құтқарып қалды. Оқиға 11 наурызда дүйсенбі күні кешке, Жетісу ауданы Первомайский көшесінде болды.


ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов пен ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетовағаның хабрлауынша, өрт бірінші қабаттағы бөлмеден шығып, шатырға жайылған. Жанған жердің ауданы 80 шаршы метр.  Өртсөндірушілер келгенше терезеден көмек сұрап жатқан адамдардың дауысын естіген 1994 жылғы Дүйсен Нұрқанат көмекке жүгірген. 

"Оның батылдығы арқасында, бөлмедегі адамдар аман қалды. Нұрқанат қара түтінге қарамастан алты және үш жасар балаларды көтеріп алып шықты. Ал 2018 жылы туған үшінші баланы анасы есеңгіреп тұрып, терезеден лақтырып жібергенде қағып алды. Кейін әйел екінші қабаттан секіріп тірі қалды. Оны жатақхана тұрғындары ұстады. Бақытқа орай зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада. 

Дүйсен Нұрқанат Нұрқанат Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу орталығында байланысшы болып жұмыс істейді. Атағы - қатардағы жауынгер. Ер адам ерлігі үшін марапатталады.

0 Пікір Кіру