12-14 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамы - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 12-14 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК өкілдері хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы уақытта ауа температурасы жоғарылайды.

"Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, ауаның күндізгі температурасы 0…+8 градус, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +12…+20 градус болады, бұл климаттық нормадан 4…10 градусқа жоғары. Кей жерлерде тек еліміздің батыс және шет солтүстік аймақтарында, Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттардың ықпалынан, жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп болжанады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

0 Пікір Кіру