Димаш тыңдармандарына үндеу жасады - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Димаш Құдайбергеннің үндеуі

Димаш Құдайберген Мәскеудегі концертіне келетін тыңдармандарынан "Аққуым" әнін жаттап алуды сұрады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.

8 наурызда танымал әншінің "Аққуым" әніне бейнебаяны YouTube желісінде жарияланып, оны бір тәулік ішінде 250 мыңнан астам адам көрген.

Димаштың бұл әні көпшілікті тәнті етті. Тыңдаушыларының барлығы оған жақсы пікірлерін айтты.

22-23 наурызда қазақстандық әншінің Мәскеудегі Кремль сарайында жеке ән кеші өтеді. Шығармашылық кештің ұйымдастырушысы - ресейлік композитор Игорь Крутой мен "ДимашАли" орталығы.

0 Пікір Кіру